24.02.2014, 19:15 5519

3 жыл ішінде ҚР тауар өндірушілеріне 100 млрд доллардың келісім шарты ұсынылды - Н. Сауранбаев

"Индустрия және жаңа технология министрлігі жер қойнауы, геология және табиғи байлықтарды қолдану саласына көп көңіл бөлуде. Егер де жергілікті қойнаудың дамуын айтатын болсақ, жетістіктер бар. Өткен 3 жылдың ішінде отандық тауар өндірушілер назарына 30 млрд доллардың келісім шарты ұсынылды. Жалпы, 3 жыл ішінде отандық тауар өндірушілер субъектілеріне 100 млрд доллар ұсынылды", - деді Н. Сауранбаев.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. Өткен 3 жылдың ішінде отандық тауар өндірушілер назарына 30 млрд доллардың келісім шарты ұсынылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

"Индустрия және жаңа технология министрлігі жер қойнауы, геология және табиғи байлықтарды қолдану саласына көп көңіл бөлуде. Егер де жергілікті қойнаудың дамуын айтатын болсақ, жетістіктер бар. Өткен 3 жылдың ішінде отандық тауар өндірушілер назарына 30 млрд доллардың келісім шарты ұсынылды. Жалпы, 3 жыл ішінде отандық тауар өндірушілер субъектілеріне 100 млрд доллар ұсынылды", - деді Н. Сауранбаев.

Туризм саласында дамудың жүйелік жоспары құрылды, жетістіктерге жететін жаңа мақсаттар қойылды. 5 әр түрлі сала бойынша жоспарлар құрылып, ол мақсаттарды жүзеге асыру жолы талқылануда.

Сондай-ақ, Н. Сауранбаев геология мен пайдалы қазбаларды қолданудың жетістігін баяндады.

Оның айтуынша, ҚР-да пайдалы қазбаларды қолдану, нормативті-құқықтық актілердің жаңа жобасы дайындалған болатын. Олар матеиалдарды иемдену мен инвестицияларды тарту жағдайын жүзеге асырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны