01.12.2019, 19:57 33543

Ақмола облысының Қостомар кенті маңында құны 45,1 млрд теңгенің жаңа жел электр станциясы салынды

ЖЭС құрылысын салу барысында 300 дейінгі жұмыс орны, ал станцияға қызмет көрсету үшін - 19 дейінгі тұрақты жұмыс орны ашылды.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - БАҚ өкілдері "Астана EXPO-2017" жаңа жел электр станциясының жұмысымен танысты.

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) жәрдемдесуімен Ақмола облысының Қостомар кентіндегі "ЦАТЭК Green Energy" ЖШС-ның (ЦАТЭК Грин Энерджи) (бұдан әрі - Компания) қуаты 100 МВт "Астана EXPO-2017" жел электр станциясында (бұдан әрі - ЖЭС) республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ЖЭС қызметімен танысу мақсатындағы баспасөз туры болып өтті.

Осы ЖЭС-тің бірінші іске қосу кешенінің құрылысын салу 2017 жылғы желтоқсанда осы мақсаттарға Компанияға қаржыландыру ашқан ҚДБ-ның инвестициялық жобасы болып табылады. Жобаның құны 45,1 млрд теңгені құрайды. Банк 10,5 жыл мерзімге 30,5 млрд теңге сомасында несие берді. Жабдықтар сатып алу үшін қаржылық лизинг нысанында 3,6 млрд теңге сомасындағы қаражатты берген ҚДБ-ның еншілес ұйымдары - "ҚДБ-Лизинг" пен DBK Equity Fund (ҚДБ мен "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ еншілес ұйымы) Жобаны қаржыландыруға қатысады.

ЖЭС Ақмола облысының Астана қаласынан 40 км жердегі Қостомар кенті маңында орналасқан. ЖЭС аумағында жел турбиналарын жетекші өндіруші Vestas компаниясы жасап шығарған V112-3.3MW тұрпатындағы, мұнарасының биіктігі - 84 метр және қалақтарының диаметрі 112 метр 15 жел генераторлары орнатылған. Энергетикалық шаруашылық объектілері және ЖЭС сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да инфрақұрылымдық объектілер салынған. ЖЭС құрылысын салу барысында 300 дейінгі жұмыс орны, ал станцияға қызмет көрсету үшін - 19 дейінгі тұрақты жұмыс орны ашылды.

Компания директоры Еділ Сарыевтың айтуы бойынша, "ЖЭС салу кезінде өңірдің суық климаттық жағдайларына бейімделген, желдің күшін электр энергиясына айналдыру жөніндегі инновациялық әзірленімдер мен технологиялар пайдаланылды. Орнатылған турбиналар жел қондырғыларын жеткізудің бүкіл тарихы бойында оларды орнату орнына дейін ең ұзақ маршрутты жүріп өткені таңқаларлық: Германия, Дания, Испания сияқты елдерде орналасқан зауыттардан 6000 километрден астам жол жүрді. Орнатылған турбиналар типінің жалғыз екенін атап өткен маңызды, оларда энергияны толық циклда өзгертуші қолданылады, соның арқасында жел станциясының жұмыс істеп тұрған желілермен ең үздік үйлесіміне қол жеткізіледі.

Сонымен қатар, объект орналасқан жерде электр энергиясын өндіру процесін станцияның өзінің аумағынан да, сондай-ақ қашықтан да бақылау мен басқарудың аса жаңа автоматтық жүйесімен жарақтандырылған әкімшілік-диспетчерлік кешен тұрғызылды.

Жобалық қуатқа шығу кезінде жоспарланатын өнімнің жыл сайынғы көлемі 150 мың Мвт сағ/жыл шамасынан асады. ЖЭС-ның екінші іске қосу кешені іске қосылғаннан кейін станцияның жалпы белгіленген өндірістік қуаты 100 МВт дейін артады.

"Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, табиғатқа ұқыпты қарауды көтермелеу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Сонымен бірге, энергетика саласын дамытуға, оның ішінде елде ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру арқылы жәрдемдесу ұлттық даму институты ретіндегі ҚДБ мандатының бір бөлігі болып табылады. Компанияның жел станциясы жаңартылатын энергия көздерінің есебінен 10 000 аса отбасылардың қажеттіліктерін өтеуге қабілетті, ол сол арқылы қазба отынын пайдалану көлемін қысқартады", - деді журналистерге берген сұхбаты барысында ҚДБ-ның Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Айжан Битебаева.

Банк ЖЭС-тің бірінші іске қосу кешенін іске асырудың сәтті тәжірибесін назарға ала отырып, ағымдағы жылғы тамызда "ҚДБ-Лизинг" АҚ және DBK Equity Fund еншілес ұйымдарымен бірлесіп, электр станциясының қуатын 100 МВт дейін ұлғайту мақсатында ЖЭС-тің 2-іске қосу кешенін жалпы сомасы 23.8 млрд теңгеге қаржыландыру туралы шешім қабылдады.

Бұдан басқа, бүгінде ҚДБ-ның кредиттік қоржынында ЖЭК саласындағы 4 жоба бар. Қостомар кентіндегі жел электр станциясынан бөлек, олар - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы Тұрғысын өзеніндегі шағын ГЭС каскадында қуаты 24,9 МВт бірінші су электр станциясы - Тұрғысын ГЭС-1, Түркістан облысындағы қуаты 20 МВт "Жылға" күн электр станциясы, Алматы облысындағы қуаты 100 МВт күн электр станциясы. Баламалы энергетика саласындағы жобаларға ҚДБ берген несиелердің жалпы сомасы 65,2 млрд теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны