13.05.2020, 19:43 4423

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындауға міндетті 113 ұйғарым беріліп, 16,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 310 кәсіпорнында 7,2 мың жұмыскердің алдында жалақы бойынша 765 млн теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындауға міндетті 113 ұйғарым беріліп, 16,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 700 млн теңге төленді.

Жалпы, ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,3 мың тексеру жүргізіп, 2013 ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтады және 66 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны