17.09.2019, 17:54 17098

Қазақстан Республикасының азаматтарын жаппай декларациялау кезең-кезеңмен енгізілетін болады

бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады

Нұр-Сұлтан. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының азаматтарын жаппай декларациялау кезең-кезеңмен енгізілетін болады:

бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады;

екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары;

үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары;

төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны