26.11.2019, 12:44 20363

Швейцария жыл сайын Қазақстанның көмірсутектерді экспорттайтын ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді

Кездесу барысында А. Смайылов пен У. Маурер елдердің ағымдағы экономикалық жағдайын талқылады

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға ресми сапармен келген Федералдық Президентпен, Швейцария Федералдық Қаржы департаментінің министрі Ули Маурермен кездесті.

Кездесу барысында А. Смайылов пен У. Маурер елдердің ағымдағы экономикалық жағдайын талқылады, халықаралық сауда және инвестициялар тарту саласындағы екіжақты қатынастарды дамыту, Бреттон-Вуд институттарының жұмысы шеңберінде өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ қаржы нарықтары мен олардың қаржылық қызметтері, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы пікір алмасты.

Әлихан Смайылов атап өткендей, Швейцария жыл сайын Қазақстанның, әсіресе, көмірсутектерді экспорттайтын ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді.

Ол сондай-ақ швейцариялық компанияларды "Астана" АХҚО алаңында белсенді жұмысқа шақырды.

ҚР Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-швейцария үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңестің жұмысына оң баға беріп, "Қазақстан швейцариялық тараптың іскерлік әріптестікті жандандыру жөніндегі қосымша ұсыныстарын қарауға дайын", - деп толықтырды ол.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қаржы министрліктерінің бірлескен жұмыс тобының қаржы саласында тәжірибе алмасу жөніндегі қызметін жалғастыруға келісті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны