13.04.2020, 18:14 5371

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады

12 сәуірде ОПЕК+ мұнай өндіруші елдер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады.

12 сәуірде ОПЕК+ мұнай өндіруші елдер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Видеоконференция барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның бұрынғысынша сындарлы диалогты, сонымен қатар әлемдік нарықта орын алған қиын жағдайды ескере отырып, өз тарапынан мұнай өндіру көлемін коллективті қысқарту бойынша шешімді қолдайтындығын атап өтті.

ОПЕК+ мүше және мүше емес мемлекеттердің министрлер вебинары нәтижесінде мұнай өндіру көлемін 1-мамырдан бастап, екі айға тәулігіне 9,7 млн.баррельге қысқарту жөнінде келісімге қол қойылды. Қазақстан өз кезегінде келісімге қатысты консенсусты қолдады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны