22.05.2020, 21:50 6853

Түркістан және Кентау қалаларында кірме жолдарды ұсыну қызметінің тарифі төмендетілді

Тариф 254,08 теңге-вагон/км-ден 237,35 теңге-вагон/км немесе 6,58%-ға төмендетіліп, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Түркістан және Кентау қалаларында кірме жолдарды ұсыну қызметінің тарифі төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Түркістан мен Кентау қалаларында "SOLAR kz" ЖШС-ның кірме жолдар қызметінің тарифі төмендетілді.

Аталған шара Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданды, бекітілген тарифтің қолдану мерзімі аяқталуына байланысты тарифтік сметадан инвестициялық (амортизация) құрамы алынып тасталды.

Тариф 254,08 теңге-вагон/км-ден 237,35 теңге-вагон/км немесе 6,58%-ға төмендетіліп, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны