29.09.2020, 21:11 10598

Қазақстанда алғаш рет көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион өтеді

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион 2020 жылғы 23 желтоқсанда өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Аукцион арқылы 10 учаскені сату жоспарлануда.

Алматы. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда алғаш рет көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион өтеді.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион электрондық аукциондар операторының www.gosreestr.kz сайтында өткізіледі,- деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион 2020 жылғы 23 желтоқсанда өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Аукцион арқылы 10 учаскені сату жоспарлануда.

Аукционға өтінімді 29 қарашаны қоса алған мерзімге дейін электрондық аукциондар операторының www.gosreestr.kz сайтында аукционға қойылған учаскелер бойынша беруге болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны