02.10.2020, 21:33 39881

Қазақстанның Алматыдан басқа барлық өңірінде жан басына шаққандағы орташа табыс өсті

2020 жылдың екінші тоқсаны бойынша мәліметке сәйкес, жан басына шаққандағы кіріс көрсеткіші, табыс 4,5%-ға төмендеген Алматы қаласын қоспағанда, Қазақстан барлық аймағында өсті.

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Алматыдан басқа барлық өңірінде жан басына шаққандағы орташа табыс өсті.

2020 жылдың екінші тоқсаны бойынша мәліметке сәйкес, жан басына шаққандағы кіріс көрсеткіші, табыс 4,5%-ға төмендеген Алматы қаласын қоспағанда, Қазақстан барлық аймағында өсті. Алайда, онда, Нұр-Сұлтан қаласымен бірге нақтылы мәндегі табыс деңгейі ең жоғарылардың бірі болып қала беруде - Алматыда 224,3 мың және елордада 241,3 мың."Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі - WDC) жүргізген талдау нәтижесі бойынша жан басына шаққандағы кірістің ең жоғары және ең төменгі өсімі бар аймақтар анықталды. Сонымен, көрсеткіштер ең алдымен Ақмола (16,1%), Қызылорда (14,2%) және Түркістан (12,8%) облыстарында өсті.

Сонымен бірге, табыстың өсуіне қарамастан, Қызылорда мен Түркістан облыстарының жан басына шаққандағы орташа табысы өңірде республикадан төмен, сонымен қатар Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында да солай. Өз кезегінде, республикалық деңгейден асатын көрсеткіштер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан бөлек, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Жалпы, халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2020 жылдың екінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6%-ға өсті және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 182,5 мың теңгені құрады.2018 және 2019 жылдардағы тоқсандық көрсеткіштерді салыстырсақ, бұл жылдардағы 2-тоқсанда да оң қарқын 10,3%-ды құрады.

"Статистика комитетінің мәліметіне сүйене отырып, біз халық табысы құрылымында әлеуметтік трансферттер үлесінің артқанын атап өтеміз. Мәселен, соңғы тоқсанда кірістердің 56,5%-ы жалдау бойынша жұмыстан түскен табысты, 31,3% әлеуметтік трансферттерден, 8,1% өзін жұмыспен қамтығаннан немесе кәсіпкерлік қызметтен, ал 4,1% басқа кірістерден болды. 2019 жылдың екінші тоқсанындағы кірістер құрылымымен салыстырғанда әлеуметтік трансферттерден түсетін кірістер 7,9% өсті", - деді WDC болжам департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Сарапшы әлеуметтік трансферттер үлесінің өсуі 2020 жылы зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінің екі есеге ұлғаюымен, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде жұмысқа қойылған шектеулерге байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлемдердің енгізілуімен байланысты деп санайды."2020 жылдың бірінші тоқсанында жұмысқа жалдаудан түсетін пайданың төмендеуі байқалды, 2020 жылдың екінші тоқсанында төмендеу үдерісі сақталды. Үшінші тоқсанда өзін жұмыспен қамту және кәсіпкерлік кірісі төмендеді. Халықтың кірісінің төмендеуі коронавирус пандемиясының әсерінен және карантиндік шаралардың енгізілуінен болуы мүмкін", - деп қорытындылады Дмитрий Шумеков.

2020 жылдың 2-тоқсанындағы Қазақстан Республикасы халқы табысына толық талдаумен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://iac.enbek.kz/kk/node/968.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны