14.10.2020, 22:00 9147

Ақмола облысында мемлекеттік аудиторларға тексерулер сапасының төмендігі көрсетілді

Кездесу барысында қатысушыларға аудит органдары қызметкерлерінің тексерулерін тиісті түрде ұйымдастырмау және жүзеге асырмау фактілері бойынша ақпаратты жеткізді.

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысында мемлекеттік аудиторларға тексерулер сапасының төмендігі көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы аумақтық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлерімен ҚР ҚПК 200-бабы негізінде енгізілген ұсынуларды қарау бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға аудит органдары қызметкерлерінің тексерулерін тиісті түрде ұйымдастырмау және жүзеге асырмау фактілері бойынша ақпаратты жеткізді.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы ұрлау фактілері ішкі мемлекеттік аудит актісімен расталған залал болған кезде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелетінін атап өтті. Алайда, тергеу барысында бірқатар жағдайларда бұрын анықталған залалдардың сомасы расталмайды, бұл ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді тоқтатудың негізгі себебі болып табылады. Сонымен қатар, бұл адамдарды қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуға әкеледі.

Алдағы уақытта ұқсас құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында мамандармен өзара іс-қимылды күшейту, қызметкерлер арасында тиісті алдын алу жұмысын ұйымдастыру, бағыныштылардың қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік аудиторларға көрінеу жалған аудиторлық қорытынды бергені үшін жауапкершілікке тарту туралы түсіндіру ұсынылды.

"Мемлекеттік аудиттің сапасы мемлекет пен қоғамның тиімді жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Қолданыстағы бұрмалауларды анықтаудың тиімділігі мен сенімділігі аудитордың қаншалықты сапалы тексерілуіне байланысты. Сондықтан, қызметкерлердің жоғары кәсібилігі аудит жүргізу сапасының маңызды факторларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік аудиторлар өз жұмысында объективтілік, адалдық пен сатылмаушылықты ұстануы тиіс. Мен сіздерді осыған шақырамын", - деп атап өтті облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны