04.12.2020, 23:02 5198

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қаңтар айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлайды

Алматы. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қаңтар айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлайды. Олар бұрынғы деңгейінде сақталды.

Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады. Олар базалық мөлшерлемеге сәйкестендірілгендігін айта кеткен жөн. Сондай-ақ нарықтық трендтер негізінде есептелетін ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер де сақталды.

Толықтыру құқығы жоқ, 12 айға арналған жинақ салымдар теңгелік депозиттер ішінде ең табыстысы болып қала бермек - 14%. Еске саламыз, жинақ депозиттердің ерекше өзшеліктерінің бірі - мерзімінен бұрын ақша алуға қатаң шектеу қойылғандығында. Сол үшін де банктер олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ұсынады. Одан басқа, теңгедегі жинақ депозиттер бойынша 15 млн теңге көлемінде жоғары кепілдік сомасы қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны