05.07.2018, 19:52 3921

А. Есімов мұнай ағынын реттейтін жаӊа Бас диспетчерлік басқарманы іске қосты

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" Қорыныӊ басшысы Ахметжан Есімов қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген Ақтөбе облысындағы "Кеӊқияқ" бас мұнай айдау стансасын цифрлы технологиялар арқылы Бас диспетчерлік басқармадан іске қосты.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ мұнай ағыны елордадан тікелей басқарылатын болады. Бүгін "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқармасыныӊ Төрағасы Ахметжан Есімов "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамыныӊ жаӊа Бас диспетчерлік басқармасын іске қосты. Мұнда магистралдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай ағынын басқару орталықтандырылған және цифрландырылған.

"ҚазТрансОйл" АҚ мұнайды қабылдауды және тапсыруды, "Ақтау" порты мен компанияныӊ теміржол эстакадаларында мұнай құюды Бас диспетчерлік басқармасынан онлайн режимде қадағалайтын болады. Осы арқылы "ҚазТрансОйл" ағынды диспетчерлік бақылау және басқару SCADA жүйесін енгізу бойынша жобаны толық жүзеге асырды.

"ҚазТрансОйл" компаниясындағы цифрлық технологиялар қазақстандық мұнайды еліміздіӊ мұнай өндеу зауыттарына жеткізуді, Қара және Балтық теӊіздерініӊ порттары арқылы Қытайға және Өзбекстанға экспорттауды басқаруға, сондай-ақ ресейлік мұнайды ҚХР мен Өзбекстанға транзиттеуге жаӊа мүмкіндіктер береді.

"ҚазТрансОйл" АҚ-дағы диспетчерлік басқарманыӊ бұрынғы құрылымы төрт деӊгейлі сатыдан тұратын: жергілікті диспетчерлік пунктілер (ЖДП), аудандық диспетчерлік пунктілер, орталық диспетчерлік пунктілер және Астанадағы Бас диспетчерлік басқарма. Қазіргі уақытта құрылымда тек ЖДП мен БДБ ғана қалды, яғни 2 деӊгей оӊтайландырылды.

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" Қорыныӊ басшысы Ахметжан Есімов қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген Ақтөбе облысындағы "Кеӊқияқ" бас мұнай айдау стансасын цифрлы технологиялар арқылы Бас диспетчерлік басқармадан іске қосты.

"Кеӊқияқ" бас мұнай айдау стансасыныӊ іске қосылуы қазақстандық мұнайды ҚХР-ға экспорттау көлемін ұлғайтуға, Батыс Қазақстан мұнайын отандық МӨЗ-дерге тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны