08.11.2016, 18:05 3556

А. Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ тұжырымдамасын кәсіпкерлермен талқылады

ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ Тұжырымдамасындағы мақсат-міндеттер туралы айтып берді.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы Тұжырымдамасыныӊ жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Құжатты Ауыл шаруашылығы министрлігі "Атамекен" ҰКП агроөнеркәсіп кешені, тамақ өнеркәсібі және өӊдеуші өнеркәсіп комитеттерініӊ отырысында назарға ұсынды. Жиынға бизнес өкілдері, салалық одақтар мен кәсіпкерлер қауымдастықтары қатысты.

ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ Тұжырымдамасындағы мақсат-міндеттер туралы айтып берді. Ол, әсіресе, мемлекеттік қолдауды иеленетін агроөнеркәсіп салаларына, ауылшаруашылық кооперативтері арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау тетіктеріне ерекше тоқталып, экспорттық саясатты жүзеге асыру мен табиғи өнімдердіӊ қазақстандық брендін насихаттау бойынша қолға алынатын іс-қимылдарды байыптады.

"Бағдарламада көзделген мақсаттарды жүзеге асыруда алты міндет алдымызда тұр: бұл мал шаруашылығыныӊ тиімділігін 58%-ға, өсімдік шаруашылығын 48%-ға көтеру, ауқымды ауылшаруашылық кооперациясын дамыту, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерін барынша тиімді әрі қолжетімді мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету, 600 мыӊнан астам суармалы жерді айналымға енгізу және агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеуді жетілдіру", - деп атап өтті Асқар Мырзахметов.

Вице-премьер Асқар Мырзахметовтіӊ сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығын дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасында егістік алқаптарды әртараптандыру жалғасын табады.

"Бидай алқаптары 2,3 млн гектарға қысқарады. Оған басты себеп, астықтыӊ тым артық өндірілуі. Босаған жерлерге анағұрлым зәрулік сезілетін арпа, сұлы, майлы және өзге де өнімділігі жақсы дақылдар себілетін болады", - деді А.Мырзахметов.

Ауыл шаруашылығы министрініӊ бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов та жұртшылықты жаӊа мемлекеттік бағдарлама Тұжырымын талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

"Бағдарламаныӊ мақсат-мұратын айқындауда келесі жайттарды басты назарда ұстадық: еліміздіӊ азық-түлік нарығын қамтамасыз ету, мақсатты экспорттық саясат және ауыл халқыныӊ табысын арттыру. Бағдарлама Тұжырымдамасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әлеуметтік желідегі ресми парақшада жарияланды. Иркім Тұжырымдама астына өз пікірін қалдыра алады. Барлық пікір ескерілетін болады", - деді Қайрат Айтуғанов.

ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Нұржан Илтаев атап өткендей, "Атамекен" Агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ тұжырымдық жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып қызу талқылаудан өткізді.

"Салалық қауымдастықтар мен одақтардан түскен ескертулер мен ұсыныстар мемлекеттік бағдарламаны жасаушы тарапқа жіберілді. Агробизнеспен сындарлы сұхбат құру мақсатында, Facebook әлеуметтік желісінде "Атамекен. Қазақстандағы агросұхбат" тобы ашылды. Кәсіпкерлер барлық қажетті ақпаратты, саll-орталықтыӊ 8-800-080-80-10 нөміріне қоӊырау шалып немесе [email protected] электрондық мекенжайына ұсыныстарды жіберу арқылы ала алады. Міне, бүгін де, бірлесе әрі ашық сипатта шаруаларға арналған жаӊа құжат Тұжырымдамасын талқылауға жиналып отырмыз. Бұл құжат қандай күйде қабылданса, онда қандай қолдау түрлері көрсетілсе, алдағы бес жылдағы агроөнеркәсіп кешені солай дамитын болады", - деп атап өтті Нұржан Илтаев.

Бизнес-қоғамдастық жағы болса, мемлекеттік бағдарламаны іске асырудыӊ тиімділігін арттыруы және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қомақты үлес қосуы ықтимал бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны