13.05.2017, 17:57 4035

А. Мырзахметов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Жұмыс сапары Қожакент ауылдық округіндегі 54 ЖҚШ-ны біріктірген ет бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерініӊ бірі - "Миялы" отбасылық мал бордақылау алаӊын аралаудан басталды. Аталған кооператив АӨК-ті дамытудыӊ жаӊа бағдарламасы аясында құрылған және де "Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры" АҚ тарапынан қаржыландырылған

Қызылорда. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Елбасы тапсырмасына сәйкес ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары Қожакент ауылдық округіндегі 54 ЖҚШ-ны біріктірген ет бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерініӊ бірі - "Миялы" отбасылық мал бордақылау алаӊын аралаудан басталды. Аталған кооператив АӨК-ті дамытудыӊ жаӊа бағдарламасы аясында құрылған және де "Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры" АҚ тарапынан қаржыландырылған.

Бұдан әрі Вице-Премьер ауыл шаруашылығы кооперацияларына арналған өӊірлік семинар-жиналысқа барып, оған төрағалық етті. Жиынға еліміздіӊ алты облысыныӊ (Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оӊтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары) өкілдері қатысты. Отырыс барысында А. Мырзахметов АӨК-ті дамытудыӊ жаӊа бағдарламасыныӊ басты басымдығы - ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту екендігін атап өтті.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы кооперативтеріне барлық қолдау шаралары жасалуда. Айталық, биылдан бастап Жаӊа бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне кооперацияларға біріккен жағдайда кепілсіз несиелер берілуде. Бұған дейін екінші деӊгейлі банктер ауыл тұрғындарыныӊ жылжымайтын мүлкін кепілге қабылдамаса, ендігіде бұл мәселе өз шешімін тапты. Яғни, жаӊа бағдарлама аясында оӊынан шешілді.

Екінші аса маӊызды фактор - бұл құрал-жабдықтар құныныӊ 50%-ға арзандауы. Мысалы, кооператив 5 млн. теӊге тұратын құрал алса, онда мемлекет шұғыл түрде оныӊ 2,5 млн. теӊгесін қайтарып береді. Ал қалған 50%-ды субсидия арқылы қайтарудыӊ тиімді тетігі қарастырылған. Былайша айтқанда, қайта өӊдеуге тапсырылған 1 литр сүт үшін кооператив 10 теӊгеден алады, ал ірі қара малдыӊ әр басы үшін 20 мыӊ теӊге, ұсақ мал үшін 1500 теӊге, жем-шөптіӊ тоннасына 20 мыӊ теӊге беріледі.

Тағы бір жағымды жаӊалық - тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ісін жаӊадан бастап жатқан кәсіпкерлер "КазАгроКепіл" АҚ кемілдемесімен шағын несиеніӊ 85%-ына дейін ала алады. Айта кетерлік жайт, бұл мекеменіӊ кепілдемесі шағын қаржылық ұйымдар мен несие бірлестіктері арқылы қарызға беріледі.

Елбасы тапсырмасына сәйкес ауылдыӊ әл-ауқатын арттыратын бағдарламаға қозғау салынды және де ол ауыл шаруашылығы кешенін ел экономикасыныӊ драйверіне айналдырады.

"Ауыл тұрғындары бірігуге әзір. Бұл үшін барлық жағдай жасалды және де 50 млрд. теӊге көлемінде субсидиялау, қаражат бөлу механизмдері әзірленді. Тіптен, нақты индикаторлар да бекітілді. Жергілікті атқару органдарына үйлестіру жұмыстарымен айналысып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру ғана қалды", - деп атап өтті Вице-Премьер.

Атап өтілген шаралар 500 мыӊнан аса ЖҚШ мен шағын шаруашылықтарды аулы шаруашылығы кооперативтеріне біріктіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таӊға дейін 223 кооператив құрылып үлгерді. Жыл соӊына дейін 467 кооператив құрылады деп күтілуде.

Өз кезегінде, бұл үдерістер кәсіпорындардыӊ жүктелімін 30%-ға арттырып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы сауда құнын төмендетуге жол ашады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту, миграция және т.б. өзекті мәселелерді шешеді.

Сонымен қатар, ведомство басшысы фермерлермен бірге өӊірдіӊ сумен қамтылуы мәселесін талқылап, таразылады және өткен жылдыӊ күзінде Шиелі ауданында қолданысқа берілген тоғанды қарап шықты. Бұл орайда, Бағдарлама аясында тұрақты суғарылатын 610 мыӊ га аумақты алып жатқан жердіӊ ирригациялық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарыныӊ жоспарланып жатқанын атап өткен жөн. Осы қатарда 368 тыс. га аумақтық көлдетіп суғарылатын жер де бар.

Бұдан бөлек, А. Мырзахметов "Үсен бауы" атты ІІІ облыстық малшылар слетіне қатысты,- деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны