Система Orphus

Ақмола облысында "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы бойынша жылумен қамтудың 34 жобасын жүзеге асыруға 6,2 млрд. теңге бөлінді

22.05.2020, 22:06 8830

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысында "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы бойынша жылумен қамтудың 34 жобасын жүзеге асыруға 6,2 млрд. теңге бөлінді.

Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен жылу беру маусымының қорытындылары мен келесі дайындық жұмыстарына арналған мәжіліс барысында белгілі болды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Иван Юрченко жылумен қамтудың 34 жобасын жүзеге асыру үшін Жұмыспен қамтудың жол картасына 6,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Жалпы, осы бағдарлама бойынша басқаруға жалпы құны 10,9 млрд.теңгені құрайтын 72 жоба іске қосылды, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1364 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 56 жоба бойынша келісімшарттар жасалды, 16-сы конкурстық рәсімдерден өтіп жатыр, келісімшарттар жасасу сатысында.

Биыл облыстағы бірқатар ауылдарда қазандықтарды қайта құру жұмыстары жүргізіледі, бұл қосымша 61 көпқабатты тұрғын үйдің, 454 жеке тұрғын үйлердің, 31 әлеуметтік нысандардың жылумен жабдықтауға қосылуға мүмкіндік береді. Алдағы Ресей-Қазақстан форумына дайындық аясында Көкшетау қаласындағы жаңа ғимараттар мен жалпы нысандарды тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін ТМ-2 жылу магистралін жалпы құны 2,6 млрд. теңгеге қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Красный Яр ауылында жылу желілерінің құрылысы басталды, ол келесі жылы аяқталады. Жобаны 2021 жылы іске қосу қосымша 110 абонентті қосуға мүмкіндік береді (30 көп пәтерлі тұрғын үй және 80 жеке үй). Бурабай ауданында қазандық пен жылу желілерін жөндеуге 20 млрд. теңге бөлінді. Олардың арасында ерекше назар аударуды қажет ететін нысан - Бурабайдағы қазандықты кеңейту жобасы бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны