14.10.2019, 16:06 7105

Ақмола облысының әкімі жұмыс сапарымен Атбасар ауданына барды

Облыс әкiмi зауыттықтарға дамуды тоқтатпай, өзiн қысқа мерзiмде нарықта сұранысқа ие еткен экологиялық таза өнiм шығаруды жалғастыруды тапсырды.

Көкшетау. 14 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысының әкімі жұмыс сапарымен Атбасар ауданына барды.

Ақан Құрманов ауылында Ермек Маржықпаев "Атбасар масло" ЖШС-нiң жаңа күнбағыс майын өндiру зауытының жұмысымен танысты. Кәсiпорынның құрылтайшысы егiстiк айналысында 4 000 гектар күнбағысы бар "Атбасарская Нива" ЖШС болып табылады. Бас директоры Бақытжан Қожықов зауыт өткен жылдың желтоқсанынан берi жұмыс iстеп жатқанын, өз шикiзатынан 400 тонна май өндiргенiн баяндады. Өнiм Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Атбасар қалаларының дүкендерiнде сатылады. Болашақта шетел нарықтарына шығу жоспарланып отыр. Қалдықсыз өндiрiс технологиясы тазартылған маймен қатар, ауыл шаруашылығы малдары мен құстарды жемдеуге арналған күнжара, шикi май өндiруге мүмкiндiк бередi. Мұнда 17 адам жұмыс iстейдi.

Облыс әкiмi зауыттықтарға дамуды тоқтатпай, өзiн қысқа мерзiмде нарықта сұранысқа ие еткен экологиялық таза өнiм шығаруды жалғастыруды тапсырды.

Жергiлiктi мектепте өңiр басшысы ағымдағы жөндеудiң сапасын тексердi. Жартығасырлық ғимаратта жылу беру, кәрiз, электр жүйелерi, төбесi мен терезелерi ескiрген. Оларды ауыстыру үшiн сәуiрде инвестор Марат Бегалиновтiң қаржысы есебiнен ауылдық округ әкiмдiгi тиiстi ЖСҚ әзiрледi.

Мәслихат депутаттары облысқа жөндеу жұмыстарын қаржыландыру туралы өтiнiм жолдады. Сонымен қатар мектеп директоры Елена Герасименко Instagram әлеуметтiк желiсi арқылы орын алған проблема туралы Ермек Маржықпаевқа өтiнiш бiлдiрдi. Нәтижесiнде облыс әкiмiнiң қолдауымен облыстық бюджеттен 29 млн теңге бөлiндi.

Конкурстық рәсiмдердiң кезеңдерi бiраз уақыт алды. Жөндеуге оқу жылы басталған кезде барып кiрiстi. Сондықтан арнайы кесте жасалды: балалар бiрiншi ауысымда оқиды, ал түстен кейiн және демалыс күндерi мердiгерлер жұмыс iстейдi. Қазiргi уақытта инженерлiк желiлер мен төбесiнiң жөндеу жұмыстары аяқталды. Терезелерiн ауыстыру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр.

Ермек Маржықпаев педагогикалық корпусқа оқушылардың бiлiм деңгейiн арттыру, ал жергiлiктi атқарушы органға осы мектептiң материалдық-техникалық базасын нығайту мiндеттерiн жүктедi.

Атбасарда Ермек Маржықпаев көпқабатты тұрғын үйлердiң бiрiнiң жанында пайда болған рұхсатсыз үйiндiнi барып көрдi. Аудан әкiмi Аманбек Қалжановтың ақпараты бойынша, қалада осындай 18 үйiндi болған, 10-ы шығарылып төгiлген. "Қаланың жағдайы нашар. Тәртiпке келтiру керек. Тұрғындарды мәдениетке үйрету керек. Контейнерлер қойып, қоқысты шығарып төгу үшiн тұрғындармен келiсiмдер жасау керек. Көшелердi абаттандыру керек, жинап, бәрiн сырлау керек - орталықтан шетке қарай жүру керек", - дедi облыс әкiмi.

Ермек Маржықпаев ауданаралық көпбейiндi ауруханадағы жағдаймен танысты. Соңғы жылдары медициналық мекемеге компьютерлiк томограф, инсульт орталығына арналған жабдықтар, жылжымалы рентгенодиагностикалық қондырғы сатып алынды.

Өңiр басшысы облыс әкiмдiгi келесi жылы флюорограф сатып алу үшiн қолдау көрсететiнiн жеткiздi. Сонымен қатар, балалар бөлiмшесiнiң корпусын жөндеу үшiн ЖСҚ әзiрлеудi тапсырды. Сондай-ақ дәрiгер кадрлардың жетiспеушiлiгi мәселесi орынында талқыланды.

Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы "Atbasar Technopark" ЖШС-де өндiрiс үрдiсiмен танысты. Осы кәсiпорын туралы мәселе өткен аптада облыс әкiмдiгiнде талқыланған. Бұл МЖӘ шеңберiнде Көкшетау қаласының, Бурабай және Зерендi аудандарының көше жарығын жаңғырту жоспарланып отырған светодиодтық өнiмдер өндiрушi болып табылады. Кәсiпорынның жұмысына оң баға берiп, Ермек Маржықпаев аудан әкiмiне салалық басқармамен бiрлесiп жергiлiктi компанияның туған қала -Атбасардың көшелерiн тиiмдi энергиямен жарықтандыруды енгiзуге осылайша қатысу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны