06.04.2022, 17:49 20146

Ақшолақов апаттан кейінгі КҚК жұмысы туралы айтып берді

Энергетика министрі Мәжіліс кулуарында Каспий құбыр консорциумындағы апаттан кейінгі жағдайдың қалай болып жатқанын айтты.
Ақшолақов апаттан кейінгі КҚК жұмысы туралы айтып берді
Сурет: cpc.ru
НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжіліс кулуарында Каспий құбыр консорциумындағы апаттан кейінгі жағдайдың қалай болып жатқанын айтты.
 

Егер 10-15 сәуірге дейін жөндеу жұмыстары аяқталатын болса, онда ол олжаға айтарлықтай әсер етпейді. Егер бұл жұмыстар тағы бір айға созылса, сәйкесінше, шығындар да болады. Шын мәнінде, бізде жыл басында асыра орындау қоры болған. Сондықтан бізде сәуір айының ортасына дейін шығын болмайды деп ойлаймын", деді Болат Ақшолақов.

 
Еске сала кетсек, 20 наурызда 5 балдық дауыл кезінде күшті жел үш жүзбелі шлангінің бірін зақымдаған болатын.
 
Кейінірек КҚК дауылдан кейін екінші жылжымалы айлақ құрылғысының (ВПУ-2) зақымдалғаны туралы хабарлады.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны