25.03.2022, 16:42 27101

Ақшолақов Қашағанды жөндеуге жабу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Оны жоспарлы жөндеу жазға белгіленген.
НҰР-СҰЛТАН. 25 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қашаған кен орнының жөндеу жұмыстарына байланысты екі айға тоқтағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
ЭМ басшысының айтуынша, Қашаған 2 айға жөндеуге жабылмайды. Оны жоспарлы жөндеу жазға белгіленген. Ол штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
 

Егер ЖАҚ-1 жұмыс істесе, онда айтарлықтай қауіп жоқ, шығындар көр болмайды, бұл үшін кен орындарын тоқтатудың қажеті жоқ", - деп түсіндірді ол Новороссийск портындағы КҚК-да болған апат туралы айтып.

 
Энергетика министрлігінің басшысы Новороссийскідегі үш ЖАҚ-тің бірі бүгіннен бастап жұмысын бастауы мүмкін екенін айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны