14.05.2014, 21:44 3402

АЭФ аясында әлеуметтік әріптестік туралы панельді сессия өтеді

АЭФ аясында әлеуметтік әріптестік туралы панельді сессия өтеді

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2014 жылғы 21 мамыр күні Астана қаласында II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция және VII Астана экономикалық форумы аясында "Илеуметтік әріптестік. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және лайықты еңбекті кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті бөлу" панельді сессиясын өткізуді жоспарлап отыр.

Панельді сессиясының жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері: Илеуметтік қамсыздандырудың халықаралық қоғамдастығының бас хатшысы, Шығыс Европа және Орталық Азия елдері үшін лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау топтарының және ХЕҰ бюросының директоры қатысады.

Панельді сессия барысында әлеуметтік серіктестік аясында экономикалық өсуге өз әсерін тигізуге бағытталған бірқатар ұсыныстар мәлім болады. Сондай-ақ, еңбек нарығын қорғау аясында қызметтік өніміділікті қамтамасыз ету үрдістері де назардан тыс қалмайды, деп ұйымдастырушылар хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны