23.05.2012, 16:49 3223

АЭФ өзекті экономикалық мәселелер бойынша тәжірибелік қадамдар жасауға мүмкіндік береді

V Астана экономикалық форумының ашылуында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ша Цзукан БҰҰ басшысының іс-шараға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - АЭФ өзекті экономикалық мәселелер бойынша тәжірибелік қадамдар жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

V Астана экономикалық форумының ашылуында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ша Цзукан БҰҰ басшысының іс-шараға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Өзінің құттықтау хатында Пан Ги Мун Астана экономикалық форумы әлемдік экономикада сындарлы әрі тиімді шешімдер қабылдау үшін маңызды диалог алаңы болып табылатынын атап өткен.

"Соңғы 5 жылда Астана экономикалық форумы басты экономикалық мәселелерді талқылау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту қадамы бойынша аса маңызды жиынға айналды. Мемлекеттік сектор өкілдерінің, ғалымдардың, бизнес, экономика, мәдениет өкілдерінің басын қосатын форум заманымыздың ең өзекті мәселелерін қамтитын сындарлы диалог үшін таптырмас алаң болып табылады", - деп атап өтілген БҰҰ Бас хатшысының құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар өзінің құттықтау хатында ол, әлемдік саясаттың бірігіп, дағдарысқа қарсы шараларды бірлесе дайындау керектігіне назар аудартты.

"Мен Астанада бас қосқан барлықтарыңыздан осы бағыттағы жұмысымызды, біздің ортақ ұжымдық ісімізді жақсартуға көмектесетін ұсыныстар әзірлеуге шақырамын. Барлықтарыңызға табысты жұмыс тілеймін", - делінген Пан Ги Мунның құттықтау сөзінде.

БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ша Цзуукан өз сөзінде, тұрақтылық жағдайында да әлеуметтік аз қамтылған халықтың барлық бөлігін жаңа экономикалық әлеуетті деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін жаңа экономикалық үлгі іздеу қажеттілігіне тоқталды.

"Жасыл экономика" орнықты дамуға қол жеткізу үшін өте тиімді құрал бола алады", - деді Ш.Цзукан өз сөзінде.

"Мен бұл форумнан көп үміт күтемін, форум барлық адамның мүддесін қорғаудағы жаңа халықаралық іс-шараларын жоспарын жасауға үлкен үлес қоса алады. Күнтәртібіндегі мәселелері мазмұнды және көп елдің өкілдері қатысып жатқан бұл іс-шара қаржы қарым-қатынастары сияқты, экологиялық қарым-қатынастарда да экономикалық және әлеуметтік тұрақты даму парадигмасын негіздеудің үлкен мүмкіндігіне ие ", - деп түйіндеді өз сөзін Ш.Цзукан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны