11.08.2006, 13:19 3272

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 15301,4 мың адамды құрады

АЛМАТЫ. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 15301,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық - 8763,9 мың (57,3%), ауылдық - 6537,5 мың адам (42,7%). Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика агенттігінен хабарлады.

Республикада 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады, 2006 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 9008,0 мың адамды, орыстар - 3962,1 мың, украиндар - 444,7 мың, өзбектер - 433,5 мың, ұйғырлар - 231,4 мың, татарлар - 229,1 мың, немістер - 222,5 мың адамды құрады Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар - 58,9% және орыстар - 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер - 4,6 мың немесе 1,1%-ға, ұйғырлар - 1,6 мың немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар - 4,1 мың немесе 0,9%-ға, татарлар - 0,5 мың немесе 0,3%-ға және немістер - 0,2 мың немесе 0,1%-ға азайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады (57904 адам - осы жерде және бұдан әрі жақшаларда өткен жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштер келтірілген). Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамды құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары 143210 (138882) тууды тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 тууды құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) туғандарды құрады.

Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрады, соның ішінде қалалық елді мекендерде - 51186 (51661) және ауылдық жерлерде - 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) өлгендерді құрады.

Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі.

Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) бала өлімі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) өлгендерді құрады. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте өлген немесе барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%).

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда некелер мен ажырасулар саны тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Неке және ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.

Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, ағымдағы жылдың қаңтар- маусымында оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады, одан ТМД елдерімен - 15892 (17825) адам. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санынан тиісінше 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрады, одан 59571 (57595) адам немесе 43,4% (44%) - халықтың өңіраралық көші-қонында. Өңіраралық қоныс аударуда халық көші-қонының оң айырымы елдің 4 (6) өңірінде байқалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны