14.09.2016, 12:14 3022

Ағымдағы жылдыӊ 8 айында Ақтөбе облыстық бюджеті 113,5 пайызға орындалып, нақты 61 883,1 млн теӊге түсті

Бердібек Сапарбаев бюджет қаражатын қатаӊ бақылауды талап етті және бюджеттік бағдарламаныӊ әкімшілігіне, аудан және Ақтөбе қаласы әкімдеріне қаржыландыру жоспарларына сәйкес толық және тиімді дамуын қамтамасыз етуге тапсырма берді.
Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиналыста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауға тапсырма берді. Жиналыс бейнеконференция тәртібінде өтті. Жиналыс кезінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Аймақ әкімдері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары жиналысқа қатысып, облыс экономикасын әртараптандыру, шикізаттық емес экспортқа бағдарланған бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, көліктік инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыс қорытындыларын айтып өтті.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысымен қойылған тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын ескертті.

Мемлекет басшысының негізгі тапсырмасы - әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің нашарлауына жол бермеу. Өткен жылмен салыстырғанда, біздің облысымызда өндірістің көлемі, инвестицияны жұмылдыру, әрекеттегі ШОБ субъектілерінің саны мен тауар айналымы бойынша кейбір артта қалушылықтар бар. Алайда, бізде барлық керекті қорлар бар және олар жылдың соңына дейін тиісті көрсеткішке қол жеткізуге сепкі болады",-деді Б.Сапарбаев.


Жиналыс барысында ағымдағы жылдың 8 айында Ақтөбе облысында бюджеттің орындалу мәселесі талқыланды. Облыстың қаржы басқармасының мәліметі бойынша, есептік кезеңде аймақтың бюджеті 113,5 пайызға орындалған, нақты 61 883,1 млн теңге түсті.

Бердібек Сапарбаев бюджет қаражатын қатаң бақылауды талап етті және бюджеттік бағдарламаның әкімшілігіне, аудан және Ақтөбе қаласы әкімдеріне қаржыландыру жоспарларына сәйкес толық және тиімді дамуын қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны