23.01.2009, 14:41 1819

Ағымдағы жылы 9 серпінді жоба жүзеге асырылады - Школьник

Ағымдағы жылы 9 серпінді жоба жүзеге асырылады - Школьник

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылы "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасы бойынша құны $2,5 млрд болатын 9 серпінді жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін мекемеде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылы "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасы бойынша құны $2,5 млрд болатын 9 серпінді жоба жүзеге асырылады ", - деді В.Школьник.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, өңірлерде құны 838 млрд теңгенің 194 жобасын жүзеге асырып, 20 356 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

2008 жылдың қорытындысына түсініктеме берген министрдің айтуынша, "былтыр "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасы бойынша құны $1,5 млрд құрайтын 7 серпінді жоба іске қосылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны