20.12.2017, 21:54 3901

Ағымдағы жылы Алмалы ауданында тағы үш ірі нысан ашылады

Алматыныӊ Алмалы ауданында ағымдағы жылы тағы үш ірі нысан ашылады. "Жібек жолы" бағдарламасы бойынша 16 кәсіпкер жалпы сомасы 868 млн. теӊгені құрайтын жеӊілдік кредитін алды. Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында өткен брифингте сөз болды.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматыныӊ Алмалы ауданында ағымдағы жылы тағы үш ірі нысан ашылады. "Жібек жолы" бағдарламасы бойынша 16 кәсіпкер жалпы сомасы 868 млн. теӊгені құрайтын жеӊілдік кредитін алды. Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында өткен брифингте сөз болды.

Алмалы ауданыныӊ әкімі Жасұлан Тоққожаұлыныӊ сөзіне сүйенсек, Мемлекеттік қолдаудыӊ барлық шаралары ШОБ (МСБ) дамытуға ықпал жасап, салық түсімдерініӊ 60% -ын қамтамасыз етіп отыр. Аудандақаӊтар-қазан айлары аралығында 27 203 шағын және орта бизнес тіркеуде(2016 жылы олардыӊ саны 25 659 құраған).Былтырғы жылдан бастап ауданда инвестфорумдар өткізіле бастады. Биылғы жылы 20 маусымда "Алмалы Инвест - 2017" атты II инвестициялық форум өткізілді. Бұл форум ауданныӊ бизнес өкілдері үшін маӊызды алаӊға айналды және бизнестіӊ дамуы үшін мақсатты әрі тиімді шешімдер қабылдауда рөлі өте зор.

Қазіргі таӊда ауданда жаӊа өндірістер мен кәсіпкерлік субъектілерініӊ ашылуына, жаӊа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылуда. Жылдыӊ соӊына дейін тағы үш ірі нысан ашылады: "Абылай хан Плаза" сауда-әкімшілік кешені, "Жібек жолы" сауда-құрылыс орталығы және жалпы көлемі 201 098 ш.м. құрайтын "Кайсар Плаза" әкімшілік ғимараттары. Тартылған инвестициялар соммасы 45 млрд. теӊгені құрап, 1000-нан астам жұмыс орны құрылады,-деп хабарлады аудан басшысы Ж.Естенов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны