30.11.2012, 14:29 6314

Аграрлық несие корпорациясы құрғақшылықтан зардап шеккен 9 қарыз алушының 11,1 млрд. теңгелік несие мерзімі ұзартылды

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ҚР Президентінің "ҚазАгро" холдингі мен облыс әкімдеріне құрғақшылықтың зардабын аса көп тартқан аймақтардағы көктемгі егін егу және жиын терім жұмыстарын жүргізу үшін қарыз алған ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің несиелер мерзімін ұзарту бойынша жұмыс өткізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруды жалғастыруда.

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - Аграрлық несие корпорациясы құрғақшылықтан зардап шеккен 9 қарыз алушының 11,1 млрд. теңгелік несие мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ҚР Президентінің "ҚазАгро" холдингі мен облыс әкімдеріне құрғақшылықтың зардабын аса көп тартқан аймақтардағы көктемгі егін егу және жиын терім жұмыстарын жүргізу үшін қарыз алған ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің несиелер мерзімін ұзарту бойынша жұмыс өткізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруды жалғастыруда.

Корпорация 2012 жылы республикалық бюджеттің несие қаржысы есебінен көктемгі егін егу және жиын терім жұмыстарын жүргізу үшін 37 қарыз алушыны 28,8 млрд. теңгеге қаржыландырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Биылғы жылғы ауа райындағы құрғақшылыққа байланысты Корпорацияға несиелер мерзімін ұзарту бойынша ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінен сомасы 11,97 млрд. теңгенің 14 өтініші келіп түсті. Олардың ішінде 29 қарашадағы жағдай бойынша 9 қарыз алушыға 11,1 млрд. теңгенің несие мерзімін ұзарту жөніндегі өтініші мақұлданса, сомасы 774,6 млн.теңгенің 4 өтініш қаралып жатыр, ал 1 қарыз алушының несие мерзімін ұзартуға бас тартылды.

Баспасөз хабарламасына қарағанда, қарызды қайтару мерзімін ұзарту "Қазгидромет" кәсіпорны ұсынған мәліметердің негізінде жүзеге асырылады. Ал олардың карталарына сәйкес, құрғақшылықтың негізгі ошағы Батыс-Қазақстан облысының жеке аймақтары, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстік бөліктері және Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігі, Ақтөбе облысының оңтүстік және шығыс бөліктері болып табылады. Қарызды қайтару мерзімінің негізгі көлемі егін егумен айналысатын екі облыс - Ақмола және Қостанай облыстарына тиесілі.

Бұл ретте Ақмола облысы бойынша корпорация тарапынан сомасы 4,8 млрд. теңгенің, Қостанай облысы бойынша өтініш берген 5 қарыз алушының 4 -не жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгенің қарызды қайтару мерзімін ұзартуға шешім шығарылған. Ал қарызды қайтару мерзімін ұзарту себебі негізсіз болғандықтан және қарыз алушының өз міндетін атқаруға мүмкіндігі болғандықтан бір қарыз алушының өтінішіне Корпорация тарапынан бас тартылды.

"Бұдан өзге, "ауыл шаруашылығы өндірісін, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді несие серіктестіктері жүйесі арқылы несиелеу" бағдарламасы бойынша, қарыз мерзімін ұзартуға қатысты жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге 256 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, сомасы 1 176,4 млн.теңге болатын 179 өтініш мақұлданса, құны 1 389,6 млн.теңгенің 66-ы өтініші қарауда. Тоқтала кететін жайт, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құжат жинаудағы уақыт тығыздығына байланысты берген өтішін бойынша, Корпорация өтініш қабылдау мерзімін 2012 жылғы 10 қарашасынан 20 қарашаға дейін ұзатқан болатын. Несие серіктестіктер жүйесі арқылы несиелеу бағдарламасы бойынша қарыз мерзімін ұзатруға байланысты өтініштер 2012 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін қабылданады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны