27.09.2018, 17:35 3715

Аграрлық секторды сауықтыру мақсатында Цеснабанкпен негіздемелік келісімге қол қойылды

Сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банк "Цеснабанк" АҚ-нан 450 миллиард теӊге сомаға ауыл шаруашылығы несиелерініӊ портфелін сатып алуды қарастыруда. Осылайша, аграрлық секторды қаржылық сауықтырудан басқа Негіздемелік келісім проблемалық кредиттер қоры арқылы қаржыландыру жолымен аграрлық сектордыӊ қарыздарын қайта құрылымдауды көздейді.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Аграрлық секторды сауықтыру мақсатында Цеснабанкпен негіздемелік келісімге қол қойылды.

2018 жылдыӊ 19 қыркүйегінде ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі, "ҚазАгро" холдингі, проблемалық кредиттер қоры және қазақстандық тұрақтылық қоры арасында Цеснабанк және "Цесна" қаржы холдингімен келісімге қол қойылды.

Құжат агроөнеркәсіп секторыныӊ кәсіпорындарын-банктіӊ қарыз алушыларын қаржылық сауықтыру, ҚазАгро жүйесі арқылы отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, сондай-ақ "Агробизнес-2020"бағдарламасыныӊ негізгі қатысушысы болып табылатын Цеснабанк қаржылық тұрақтылығын күшейту мақсатында жасалды. Оныӊ үлесіне салаға кредит беру көлемініӊ 65% - дан астамы келеді.

Тараптар келісімге қол қою кезінде атап өткендей, Цеснабанк Қазақстан Республикасыныӊ ірі банкі болып табылады, оныӊ қаржылық жағдайы елдіӊ банк секторы мен агроөнеркәсіп кешенініӊ тұрақтылығына әсер етеді.

Ұлттық банк "ҚазАгро" Холдингімен бірлесіп берілген валюталық кредиттер мен қарыздарды қайта қаржыландыру және олардыӊ мерзімдерін ұлғайту мәселесін пысықтауды бастады.

Сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банк "Цеснабанк" АҚ-нан 450 миллиард теӊге сомаға ауыл шаруашылығы несиелерініӊ портфелін сатып алуды қарастыруда.

Осылайша, аграрлық секторды қаржылық сауықтырудан басқа Негіздемелік келісім проблемалық кредиттер қоры арқылы қаржыландыру жолымен аграрлық сектордыӊ қарыздарын қайта құрылымдауды көздейді.

ҚР Қаржы министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны