09.04.2012, 17:16 3517

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 95,9 млрд. теңге бөлінеді

Бұл қаражаттың 80 млрд. теңгесі көктемгі астық егу науқаны мен күзгі астық ору жұмыстарын несиелендіруге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру үшін ұйымдарға шағын несие беруге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсалады.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 95,9 млрд. теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Оның ақпараты бойынша, бұл қаражаттың 80 млрд. теңгесі көктемгі астық егу науқаны мен күзгі астық ору жұмыстарын несиелендіруге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыру үшін ұйымдарға шағын несие беруге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсалады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді толық қамтамасыз ету үшін 2 кесте әзірленген.

Мысалы, көбінде ұсақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ірі агроөнеркәсіптік кешен субъектілері арқылы қаржыландырылады. Сондай-ақ "ҚазАгро" АҚ шағын несие алатын ұйымдарды қаржыландыру үшін қаржылай қолдау қоры арқылы 2 пайыздық ставка бойынша қаржы бөледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны