23.09.2016, 16:45 4713

Икімдік кезегінде тұрғындар 15 млн. теӊгеден аспайтын шарттық сомаға тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын тегін ашуға мүмкіндік алады

Ерболат Досаевтыӊ сөзіне қарағанда, әкімдік кезегінде тұрғындар 15 млн. теӊгеден аспайтын шарттық сомаға ТҚЖ салымдарын тегін ашуға мүмкіндік алады. Бұған дейін Банк салым ашу үшін шарттық соманыӊ 0,55%-ы көлемінде комиссия ұстайтын еді.

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі үй кезегінде тұрғандардан депозит ашуға комиссия ұстамайтын болды.

Бұл "Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ("Бәйтерек" Холдингініӊ еншілес ұйымы) Директорлар кеӊесініӊ өткен отырысында айтылды.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ныӊ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаевтыӊ мәлімдеуінше, әзірленіп жатқан "Қолдау" банктік өнімі аясында жергілікті атқару органдарыныӊ коммуналды тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардыӊ есебінде тұрғын азаматтарға жеӊілдік жасалынатын болады.

Ерболат Досаевтыӊ сөзіне қарағанда, әкімдік кезегінде тұрғындар 15 млн. теӊгеден аспайтын шарттық сомаға ТҚЖ салымдарын тегін ашуға мүмкіндік алады. Бұған дейін Банк салым ашу үшін шарттық соманыӊ 0,55%-ы көлемінде комиссия ұстайтын еді.

Жинақтау мерзімі аяқталған соӊ (кемінде 3 жыл) әкімдіктіӊ кезегіндегілер жылдық 3,5%-бен (ЖТСМ жылдық 4%-дан бастап) - еӊ төменгі мөлшерлеме бойынша тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік алады. Осылайша, бұл қадам жинақтау кезеӊінде кезектегілерге түсетін қаржылық ауыртпашылықты азайтып, қолжетімді бағамен тұрғын үй сатып алуға жәрдем болмақ.

Сондай-ақ, Директорлар Кеӊесі тұрғын үй құрылысы жобаларын жүзеге асыру (уағдалы депозиттер орналастыру арқылы) бағдарламасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қарастырды. Бұл шара өткізу тетіктері мен бекітілген ережелерді жеӊілдетуді көздейді.

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ныӊ еншілес компаниясы болып табылады. Холдингті құрудағы мақсат - экономиканы дамыту және әртараптандыру, инвестиция тарту, класстерлерді дамыту және оныӊ еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны