08.02.2017, 20:24 4983

Ақмола облысына 2017 жылдыӊ көктемгі-егіс жұмыстарына арналған алғашқы трактор жеткізілді

Компанияда түсіндіргендей, қарыз алушыларға түсетін қаржылық жүктемені жеӊілдету мақсатында, "ҚазАгроҚаржы" қаржыландыру мөлшерлемелерін жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендетті.Жаӊа талаптар бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 17,7% басталады.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2017 жылдыӊ егін егу науқанына дайындықтыӊ белсенді кезеӊі басталды. Алдағы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудыӊ басталуы туралы "ҚазАгро" ұлттық холдингі мәлімдегеннен кейін-ақ, отандық аграршылар жаӊа ауыл шаруашылығы техникаларын ала бастады. Ақпан айыныӊ басында "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы іске асырылатын "Шебер-лизинг" лизингтік бағдарламасы бойынша алғашқы "Кировец" тракторы жеткізілді. Сатып алынған техника Ақмола облысыныӊ Астрахан ауданындағы "КДК Агро" ЖШС егіс алқабына жөнелтіледі.

Шаруашылық басшысы Валерий Никишин оперативті түрде атқарылған жұмыс үшін "ҚазАгроҚаржы" компаниясына алғысын білдірді, себебі дер кезінде әрі сапалы жүргізілген агротехникалық іс-шаралар - мол өнімніӊ кепілі.

Одан басқа, 2017 жылдыӊ алдағы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстары қарсаӊында "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ құрылымындағы компания - "ҚазАгроҚаржы" АҚ ауыл шаруашылығы техникасыныӊ лизингі және кредит бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету туралы жариялады.

Компанияда түсіндіргендей, қарыз алушыларға түсетін қаржылық жүктемені жеӊілдету мақсатында, "ҚазАгроҚаржы" қаржыландыру мөлшерлемелерін жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендетті.Жаӊа талаптар бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 17,7% басталады.

Жаӊа қаржыландыру талаптары ауыл шаруашылығы техникасыныӊ, арнаулы техника мен жабдықтыӊ лизингісіне, арнайы бағдарламаларды іске асыруға және инвестициялық жобалардыӊ кейбір бағыттарына қатысты қолданылады.

Тағы да айта кетерлік жайт, "ҚазАгроҚаржы" техникаларды "Беларуста жасалған" бағдарламасы бойынша қаржыландыруды одан әрі жалғастыруда, бұл бағдарлама бойынша Беларусь Республикасыныӊ Үкіметі мөлшерлеменіӊ 3,6% өтейді. Аталмыш бағдарлама қазақстандық субсидияны алу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

"ҚазАгроҚаржы"бүгінгі таӊда арнайы қаржыландыру бағдарламаларын іске асырады: өтінімдердіӊ жеделдетіліп қаралуы көзделген "Эксперсс-лизинг" бағдарламасы, техниканы алғашқы лизингтік төлем төленерге дейін алу мүмкіндігін беретін "Егінжай" бағдарламасы, бұрын пайдалануда болған техниканыӊ лизингі - "Қайталама лизинг" бағдарламасы, клиентке кредит желісі ашылып, соныӊ шеӊберінде жыл ішінде құжаттар пакеті қайтадан тапсырылмай, лизинг шарттары жасалуы мүмкін "Шебер-лизинг" бағдарламасы.

Компанияда айтып кеткендей, жаӊа қаржыландыру талаптары бойынша Астана қаласында орналасқан Орталық аппаратқа немесе бүкіл Қазақстан бойынша филиалдары мен өкілдіктеріне өтініммен баруға болады.

2016 жылы "ҚазАгроҚаржы" компаниясы республиканыӊ аграрлық секторына жалпы сомасы 55,8 млрд. теӊгеге 3 119 бірлік техниканы лизингке табыстады, оныӊ ішінде отандық және шетелдік өндірістердіӊ 464 бірлік комбайны, 962 бірлік тракторы, 56 бірлік егіс кешені, 104 тұқым сепкіші және 1 533 бірлік басқа техникалары.

Қаржыландыру бағдарламалары мен талаптары туралы толық ақпарат "ҚазАгроҚаржы" АҚ сайтындағы "Өнімдер" қосымша бетінде орналасқан (http://www.kaf.kz/products_company/products/financing-terms/).

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 2017 жылғы егістік науқанын қаржыландырудыӊ басталғаны туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарына Республикалық бюджеттен ҚазАгрохолдингі құрылымы арқылы 60 млрд. теӊге сомасындағы қысқа мерзімді қарыз берілді. Бюджеттік қаражаттардан басқа "ҚазАгро" ұлттық холдингі жылдыӊ аграрлық шараларын басқа да қаржыландыру көздері есебінен қолдайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны