11.09.2017, 12:34 4478

Ақмола облысында кешенді жекешелендіру жоспары аясында 15 ұйым бәсекелі ортаға беруге жатады

Сонымен қатар, Ақмола облыстық әкімдігініӊ 2017 жылғы 3 наурыздағы №А-3/372 қаулысымен 2017 жылы жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншіктіӊ тізбесі бекітілді, осыған сәйкес саудаға 58 автокөлік және 1 жылжымайтын мүлік нысаны шығарылады.

Көкшетау. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 - 2020 жылдарға арналған жекешелендірудіӊ кешенді жоспары аясында Ақмола облысында 15 ұйым бәсекелі ортаға беруге жатады.

Оныӊ ішінде, қазіргі уақытта 3 нысан ("Степногорск Тазалық" ЖШС; "Тазалық" МКК; "Бурабай таӊы" ЖСШ (49 пайыз) сатылды. Бір нысан бойынша ("Атбасар қаласыныӊ жолаушылар тасы- малы" ЖШС) өтінімніӊ болмауынан тендер үш рет өткізілген жоқ. "Көкшетау Қала Кадастры" ЖШС да таратуға жатады, осыған байланысты қазіргі уақытта сәйкес шаралар өткізілуде. 8 нысан бойынша ("Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы" МКК, "Спорттыӊ ойын түрлері бойын- ша спорт клубы" МКК, "Арлан" кәсіби хоккей клубы" ЖШС, "Оқжетпес" футбол клубы" МКК, "Көкше-Қамқор" ЖШС, "Бура- бай" спорт сарайы" МКК, "Бурабай ЕРЦ" ЖСШ, "Бурабай нұры" ЖШС) облыстық әкімдіктіӊ, Бурабай аудандық және Көкшетау қалалық әкімдіктерініӊ тарату туралы қаулылары қабылданды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы 2 нысанды сату мерзімі ("Көкше Жәрдем" МКК; "Степногорск- ЕРЦ" ЖШС) 2017 жылдыӊ қарашасына және 2018 жылға қарастырылған. "Көкше Жәрдем" МКК сатылу мерзімі 2017 жылдыӊ қараша айына, "Степногорск-ЕРЦ" ЖШС 2018 жылға қарастырылған.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық әкімдігініӊ 2017 жылғы 3 наурыздағы №А-3/372 қаулысымен 2017 жылы жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншіктіӊ тізбесі бекітілді, осыған сәйкес саудаға 58 автокөлік және 1 жылжымайтын мүлік нысаны шығарылады.

Жекешелендіруге жататын мемлекеттік мүлік нысандары туралы ақпарат www.gosreestr.kz. веб-сайтында орналасқан, ол ашық, қолжетімді және кез-келген адам өзін қызықтырған ақпаратпен таныса алады. Сонымен қатар, қолданыстағы заӊдылыққа сәйкес сауда өткізу туралы жарнама сауда өткізуге дейін 15 күн бұрын мерзімдік баспасөзде жарияланады. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша сауда мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыӊғай оператор - "Ақпараттық-есеп орталығы" АҚ www.gosreestr.kz сайтында электронды нысанда өткізіледі. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша саудаға белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заӊды тұлғалар қатыса алады,- деп хабарлайды Сауя ОСПАНОВА, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасыныӊ бөлім басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны