18.06.2014, 21:21 3644

Ақмола облысында полиэтилен өнімін өндіретін кәсіпорын іске қосылды

2014 жылы Индустрияландыру картасына 3 жобаны енгізу қарастырылған. Олар әр түрлі металдарды өндіруге бағытталған зауыттар.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Ақмола облысының Шортанды ауданында ҮИИД бағдарламасы аясында "Полимер-Пласт" ЖШС полиэтилен өнімін өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Ол жылына 1500 тонна өнім өндіреді.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, жоба 37 жаңа жұмыс орнын ұсынды.

Жобалық қуаттылыққа 2014 жылдың желтоқсанында шығу жоспарланған.

Сондай-ақ, ауданда индустриялық аймақты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол темір жол инфрақұрылымына жалғанатын болады.

2014 жылы Индустрияландыру картасына 3 жобаны енгізу қарастырылған. Олар әр түрлі металдарды өндіруге бағытталған зауыттар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны