11.06.2018, 16:14 5171

Ақмола облысында "Сары-Арқа" магистральды газ құбырыныӊ жобасы талқыланды

"Сары-Арқа" құбыр жобасы "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанда-Теміртау-Астана" бағытында жүргізілмек.

Көкшетау. 11 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Целиноград аудандық әкімдігініӊ мәжіліс залында "Сары-Арқа" магистральды газ құбырыныӊ құрылыс жобасын жүзеге асыру жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

"Сары-Арқа" құбыр жобасы "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанда-Теміртау-Астана" бағытында жүргізілмек.

Жиын барысында Ақмола облысы жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Алмагүл Кадралина "Сары-Арқа" магистральды газ құбырыныӊ құрылысына қоғамдық сервитут белгілеу мәселесі бойынша, сондай-ақ, "КАТЭК" ЖШС бас директоры Құндыз Нупов "Жер учаскелерініӊ меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындардыӊ орнын толтыру және өтеу мерзімі туралы" сөз сөйлеген.

Жиын соӊында Ақмола облысы әкімініӊ орынбасары Асқарбек Үйсімбаев қорытындылар шығарып, аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны