15.01.2014, 19:32 4359

Ақмола облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының қатысушылары пәтер кілттеріне ие болды

"Жұмыс берушілер бағдарламаның үшінші бағытын іске асыру барысында бюджет қаражатымен салынған жалдамалы үй құнының 10 пайызын төледі. Осының арқасында кәсіпкерлік қажетті мамандарды тартып тұрғын үйді салуға мүмкіндік алды", - делінген хабарламада.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Шортанды ауданы Научный ауылында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасына қатысушыларға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жұмыс берушілер бағдарламаның үшінші бағытын іске асыру барысында бюджет қаражатымен салынған жалдамалы үй құнының 10 пайызын төледі. Осының арқасында кәсіпкерлік қажетті мамандарды тартып тұрғын үйді салуға мүмкіндік алды", - делінген хабарламада.

Аталмыш үйлердегі бір бөлмелі пәтердің ауданы 41,5 шаршы метрді құрайды, ал үш бөлмелі пәтерлер 78,5 шаршы метр.

Бағдарламаның арқасында Шортанды аудандық ауруханасына бірден 3 дәрігер жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, "ҚазГруХоддиш", "Капитал трейд хауз", Шортанды май зауыты кәсіпкерліктерінің қызметкерлері мемлекеттік бағдарлама қатысушылары атанды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны