23.05.2008, 17:05 2415

Ақмола облысының әкімдігі "Сарыарқа" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын Көкшетаудағы қала құрылысына тартуға ниет білдіріп отыр

Ақмола облысының әкімдігі "Сарыарқа" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын Көкшетаудағы қала құрылысына тартуға ниет білдіріп отыр

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының әкімдігі "Сарыарқа" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын Көкшетаудағы қала құрылысына тартуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы бүгін "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар - өңірлерді дамыту негізі" атты дөңгелек үстел барысында Ақмола облысының әкімі Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Облыс орталығы Көкшетауды дамыту керек. Жаңа ықшамаудандарды дамыту жобалары бар. Біз қазір бас жоспарды бекітуге дайындалып жатырмыз. Тұтас ықшамаудан салатын жерлер анықталған. Және іс жүзінде бұл жерлер ИКК беріледі. Ал корпорация қаржылық құрылыс операторын тартуы керек", - деді А. Рау.

Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында таралған облыс әкімінің баяндамасының тезистеріне қарағанда мәселе жаңа кешенді ықшамаудан салатын жалпы аумағы 200 гектар болатын жер телімі жайлы болып отыр.

Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімдігі "Сарыарқа" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына ең жақсы деген 500 гектар жерді беруді ұсынды. Ол жер Астана қаласының маңында азаматтардың жеке тұрғын үйлерін салуға арналған жерлер болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны