15.08.2017, 16:09 4478

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Жақсы ауданында болды

Биыл Жақсы ауданында 433 мыӊ гектар жерге дәндi дақылдар себiлген. Қазiргi кезде ауданда орақ науқанына дайындық жұмыстары пысықталуда. Серiктестiк директоры Асқар Жапаровтыӊ сөзiнше, алдағы екi аптадан соӊ диқандар күзгi егiн орағы науқанын бастамақ.

Көкшетау. 15 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин жұмыс сапарымен Жақсы ауданында болып, бiрқатар әлеуметтiк-өндiрiстiк нысандардыӊ жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы алдымен аудандағы iргелi шаруашылықтардыӊ бiрiнен саналатын "Айбат" ЖШС-нiӊ егiн алқаптарындағы астықтыӊ пiсiп, жетiлуiне назар аударды.

Биыл Жақсы ауданында 433 мыӊ гектар жерге дәндi дақылдар себiлген. Қазiргi кезде ауданда орақ науқанына дайындық жұмыстары пысықталуда. Серiктестiк директоры Асқар Жапаровтыӊ сөзiнше, алдағы екi аптадан соӊ диқандар күзгi егiн орағы науқанын бастамақ.

Осы күнi облыс әкiмi аудандық ауруханада да болды. Мұнда былтыр күрделi жөндеу жүргiзiлiп, биыл хирургия және терапия бөлiмдерiне медициналық қондырғылар сатып алынған.

Облыс әкiмi Тұрсынбек Уәлиев атындағы спорт мектебiнде де болды. Айта кетейiк, аталмыш спорт мектебi, бизнестiӊ әлеуметтiк жауапкершiлiгi аясында салынған. Мұнда бокс, волейбол, баскетбол, күрес пен футбол секциялары жұмыс iстейдi. Соӊғы 15 жыл бойы "Агрофирма TNK" ЖШС қамтамасыз етiп келген спорт мектебiнде нағыз спорт шеберлерi тәрбиеленуде.

Мәлiк Мырзалин "Урожай" ЖШС-нiӊ жаӊа жобасы - жарма дайындайтын өндiрiс орныныӊ жұмысымен де танысты. Кәсiпорын басшысы Габиден Бралиннiӊ айтуынша, тәулiгiне 50 тонна жарма өндiретiн жоба жыл аяғына дейiн iске қосылмақ. Бүгiнгi күнi серiктестiк астықты сақтап, кептiрiп, тазартумен айналысады. Өндiрiс орныныӊ жұмысымен танысқан облыс әкiмi, агроөндiрiстiк саласында тереӊ өӊдеудiӊ маӊыздылығын айтып, бұл тұрғыда жұмысты жандандыруды тапсырды.

Мырзалин Жақсы ауданындағы егiн алқаптарын аралап көрдi Жақсы ауданында 2010 жылы МИИБ аясында алғашқы болып жүзеге асырылған жобалардыӊ бiрi "AgroComplexExpert" ЖШС. Осы уақыт iшiнде өзiнiӊ тиiмдiлiгiн дәлелдеген зерттеу орныныӊ мамандары, былтыр 10 мыӊ гектар алқапта зерттеу жұмыстарын жүргiзген. Ал биыл тұқым сапасын анықтайтын жаӊа зертхана ашуды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны