03.07.2009, 13:19 1499

Ақмола облысының Семізбай кенішінде уран өндіру жобасын жүзеге асыруға кірісті

Ақмола облысының Семізбай кенішінде уран өндіру жобасын жүзеге асыруға кірісті

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел өңірлерімен арадағы телекөпірі барысында бүгін Ақмола облысының әкімі Альберт Рау Семізбай кенішінде уран өндіру жобасын іске қосты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ақмола облысының әкімінің айтуынша, өндіріске салынған инвестиция көлемі $100 млрд құрады және биыл мұнда 2 млрд жуық теңгенің өнімі өндіріледі. А. Раудың айтуынша, кәсіпорынның жобалық құны жылына 500 тонна уранды құрайды. "Өндіріс толық жобалық қуатымен іске қосылғанда біз жылына 12 млрд теңгенің өнімін өндіреміз" - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, Семізбай кенішінде уран жер астында шаймалау тәсілімен өндірілетін болады. "Сөйтәп, барлық экологиялық талаптар сақталады", - деді А. Рау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны