27.11.2012, 13:07 2751

АҚШ Эксимбанкі "Локомотив" АҚ 400 млн АҚШ доллары көлемінде несие береді

АҚШ-тың экспорттық-импорттық банкі (Эксимбанкі) "Локомотив"АҚ-ына ("Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ының 100% еншілес кәсіпорны) ТЭ33А - "Эволюшн" локомотивтерін сатып алу үшін $400 млнкөлемінде несие береді.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - АҚШ Эксимбанкі "Локомотив" АҚ 400 млн АҚШ доллары көлемінде несие береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ-тың экспорттық-импорттық банкі (Эксимбанкі) "Локомотив"АҚ-ына ("Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ының 100% еншілес кәсіпорны) ТЭ33А - "Эволюшн" локомотивтерін сатып алу үшін $400 млнкөлемінде несие береді.

"Локомотив"АҚ-ының ақпаратына сәйкес, 26 қарашада Вашингтонда АҚШ-тың экспорттық-импорттық банкімен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (ҚТЖ)компаниялар тобының арасында несиелік келісімге қол қойылған.

Келісімшарт сомасы $400 млн-нан асады. Жобаның мақсаты General Electric (АҚШ)компаниясының бөлшектерінен құрастырылған ТЭ33А - "Эволюшн"локомотивтерін сатып алуды қаржыландыру болып табылады. Бұл несие бойынша заем алушы "Локомотив"АҚ болып отыр.

Мәміленің ерекшелігі АҚШ Эксимбанкінің заемшыны тікелей қаржыландыруында (әдетте қаржыландыру делдал-банк арқылы жүзеге асырылады).

"Бұл мәміле АҚШ Эксимбанкінің Қазақстандағы тікелей қаржыландырумен жүзеге асырған алғашқы мәмілесі болып отыр", - деп мәлім етті "Локомотив" АҚ-ының президенті Марат Медеубаев.

"Локомотив" -ҚТЖ-ның ірі аффилирленген компанияларының бірі. Компания тартушы қозғалмалы құрамның қызметін көрсетіп, поездық және маневрлық жұмыстар кезінде қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, локомотивтердің жұмысын техникалық ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны