19.07.2012, 13:49 2918

Ақшабұлақ газтурбиналық стансасын салу жобасын субсидиялауға 530 млн. теңге бөлінеді

Қызылорда облысында Ақшабұлақ газтурбиналық стансасын салу жобасы (Жоба) "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (Банк немесе ҚДБ) бөлген несиенің басым бөлігі бойынша 5-пайыз көлемінде сыйақы мөлшерін субсидиялауға мүмкіндік алды.

Астана. 19-шілде. Kazakhstan Today - Ақшабұлақ газтурбиналық стансасын салу жобасын субсидиялауға "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы арқылы 530 млн. теңгеден астам қаражат бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайлы "Қазақстанның Даму Банкі" баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысында Ақшабұлақ газтурбиналық стансасын салу жобасы (Жоба) "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (Банк немесе ҚДБ) бөлген несиенің басым бөлігі бойынша 5-пайыз көлемінде сыйақы мөлшерін субсидиялауға мүмкіндік алды.

Жалпы құны 19,6 млрд. тенге құрайтын "Кристалл менеджмент" ЖШС инвестициялық жобасын ҚДБ 2010 жылы қаржыландырды. Жалпы қуаты 87 Мвт құрайтын үш газ турбиналары 2012 жылының шілде айында іске қосылды (ГТЭС). Жобаны іске асыру мақсаты - аймақтағы электроэнергияның тапшылығын азайту және ілеспе газдарды кәдеге жарату мәселесін шешу. Стансаны іске қосу кезеңінен бастап нысанда 93 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Жобаның борыштық жүгін төмендетуге бағытталған бұл шара "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлік секторын сауықтыру" бағыты арқылы қарастырылған. Несие бойынша төлемдердің аталған бөлігі Бағдарлама арқылы үш жыл бойы өтеледі. ҚДБ мен қарызгер-компания арасында арнайы келісімшарт орнатылды.

Өз жағынан Банк Жобаны Бағдарламаға енгізу мақсатында кәсіпорынның сауықтыру жоспарын бекітті.

"Кристалл менеджмент" ЖШС Бағдарламаға енген Банктің бесінші қарызгер-компаниясы болды. 2012 жылдың басынан ҚДБ несиесі бойынша мемлекеттік субсидияны "Euroasia Transit Group" ЖШС, "Запчасть" АҚ, "ТауТерминал" логистикалық орталығы және Майқұдық құс фабрикасы алды. Жобаларды шикізаттық емес салаларда жұмыс істейтін қарызгер-компанияларға қолдау көрсету мақсатымен Бизнестің жол картасына енгізу шарасы Банк көмегімен іске асырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны