24.02.2010, 15:10 3095

АҚШ-та 700-ден астам немесе әрбір 11-ші банк банкроттықтың аз-ақ алдында - сарапшылар

АҚШ-та 700-ден астам немесе әрбір 11-ші банк банкроттықтың аз-ақ алдында - сарапшылар

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan Today - АҚШ-та 700-ден астам немесе әрбір 11-ші банк банкроттықтың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Банк секторының қызметін зерттеу жөніндегі федералдық агенттіктің жуырда жариялаған баяндамасында атап көрсетілгендей, АҚШ-та қазір "проблемалы тізімге" 702 банк енгізілген. Бұл - 1992 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш, ол кезде аталған тізімде 1066 банк болған.

Баяндамада атап көрсетілгендей, дағдарыс басталардың алдында ғана - 2007 жылдың төртінші тоқсанында бұл тізімге небәрі 76 АҚШ банкі кірген. Алайда содан бері бұл тізім 10 есе ұлғайды.

Бірақ банкроттықтың алдында тұрған банктердің тізімі әдетте жарияланбайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны