01.09.2016, 18:24 3772

Ақсу құс фабрикасы жыл соӊына дейін 1 мыӊ тонна мұздатылған тауық етін шығарады

Павлодар облысы әкімдігініӊ кеӊейтілген отырысында моноқалаларды дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодар облысы әкімдігініӊ кеӊейтілген отырысында моноқалаларды дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жиналыс барысында Екібастұз қаласындағы "Қазақстан вагон жасау компаниясы" ЖШС бір айдан кейін жоспарлы жұмыс тәртібіне шығып, ал Ақсу ауылдық аймағындағы "Қызылжар-Құс" тауық фабрикасы жыл соӊына дейін бір мыӊ тонна мұздатылған тауық етін шығаратыны мәлім болды.

Ресми деректерге сәйкес 2016 жылы Павлодар облысындағы моноқалаларды дамытуға 83,3 млрд теӊге бөлінді. Бұл қаражаттыӊ басым бөлігі жергілікті және республикалық бюджеттіӊ қаржысы болса, қалғаны жергілікті кәсіпорындардыӊ өз қаржысы. Екібастұз және Ақсу қалалары қазақстандық 27 моноқаланыӊ ішінде көш бастап тұрса да, жоспарлы көрсеткіштердіӊ бәріне бірдей қол жеткізілген жоқ.

"Екібастұз қаласында жылу және электр желілерін жаӊғырту жоспары 1,6 пайыз болса, оныӊ тек 1 пайызы ғана, ал Ақсу қаласында орталықтандырылған су жүйесімен қамтудыӊ жоспарлы көрсеткіштері 88 пайыз болса, ол тек 72,2 пайызға ғана орындалған", - деп атап өтті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

2017 жылға белгіленген жылу және электр жүйелерініӊ тозуын баяулату, негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемін ұлғайту, жұмыссыздық деӊгейін төмендету секілді индикаторлардыӊ орындалуы баяу жүріп жатыр.

Кеӊейтілген отырыста моноқалалардыӊ басшылары есеп берді. Екібастұз қаласыныӊ басшысы Қайрат Нүкенов қаладағы шешімін таппаған күрделі мәселе ретінде "Қазақстан вагон жасау компаниясы" ЖШС-іӊ жұмысын қалыпқа келтіруді айтты.

"Қазіргі кезде "ҚВК" ЖШС өндірісін Қазақстанныӊ даму банкі арқылы лизингтік қаржыландыру мәселесі оӊ шешімін тапты", - деді ол.

Акционерлердіӊ арасында өндірісті іске қосу механизмдерін бөлу жұмысы қолға алынды. Яғни, борышкерлермен келіссөздер жүргізу, шоттарды бұғаттаудан шығару, салықтық төлемдерді аудару, жұмысшылардыӊ жалақысы бойынша берешекті өтеу секілді жұмыстар жүріп жатыр. Қыркүйек айыныӊ соӊына қарай кәсіпорынныӊ жоспарлы жұмыс тәртібіне көшуі көзделіп отыр.

Ақсу қаласыныӊ әкімі Нұрлан Дүйсембинов ауылдық аймақта орналасқан "Қызылжар-Құс" фабрикасында өткен жаӊғырту жұмыстарыныӊ қорытындысы туралы айтып берді. Жылдыӊ соӊына дейін кәсіпорын бір мыӊ тоннаға жуық өнім шығаруды, ал келесі жылы толық қуаттылық деӊгейіне шығып, 1 жыл ішінде 8 мыӊ тонна өнім шығаруды көздеп отыр.

Павлодар облысыныӊ әкімі Болат Бақауов моноқалаларда экономиканы диверсификациялауға бағытталған шағын және орта бизнес саласындағы жаӊа жобалардыӊ қолға алынбай жатқанына алаӊдатушылық танытты. Ол моноқалалардыӊ әкімдеріне жылу және электр жүйелерініӊ тозуын төмендету, сонымен қатар жұмыссыздық деӊгейін төмендету бойынша жұмысты күшейтуге тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны