17.09.2009, 16:45 2812

Ақтауда апатты жағдайда мұнай төгілу зардаптарын жою жөніндегі тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

Ақтауда апатты жағдайда мұнай төгілу зардаптарын жою жөніндегі тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

Астана. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Каспий теңізінің айдынында апатты жағдайда мұнай төгілу зардаптарын жою жөніндегі "Таза Каспий - 2009" атты кең көлемді тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оқу-жаттығулар "Семсер - Өрт сөндіруші" ЖШС мен SES - Borkit ресурстарының біріктірілу әлеуетін көрсету үшін өткізілуде.

Оқу-жаттығуларға 60 -тан астам адам мен 18 өрт және инженерлік техника,, соның ішінде "Комара 20" мұнай жинау жүйесі, мұнайды вакуумды жинау жөніндегі "Ро-вак" жүйесі мен мұнай төгілуге жедел жауап қату жөніндегі "Морской ястреб" кемесі тартылған.

Қазір Каспий мұнайын әлемдік нарыққа жеткізуде көбінесе магистралдық құбырлар пайдаланылады. Бүгінгі жағдаймен олардың жалпы өткізгіштік қабілеті 80 млн тоннадан асады, олардың болжамдық өткізгіштік қабілеті 2015 жылы 22 млн тоннаға жетеді. Ал 2015 жылы Каспий өңірі елдерінде өндірілетін мұнай көлемі 250 - 300 млн тоннаға жетеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны