14.12.2011, 11:49 3823

Ақтауда жаңа наубайхана пайдалануға берілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Ақтау қаласында "Магабред" ЖШС-ның жаңа зааманауи нан-бөлке зауыты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтауда жаңа наубайхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Ақтау қаласында "Магабред" ЖШС-ның жаңа зааманауи нан-бөлке зауыты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Халықты жоғары сапалы нан өнімдерімен қамтамасыз ету жобасы елдің Индустрияландыру картасына енгізілген болатын. Жобаның құны - 1,2 млрд. теңге. Зауыт тәуігіне 50 тонна нан және нан-бөлке өнімдерін шығара алады. Мұнда осы цехтан басқа ұн қабылдау пункті салынды, нан таситын арнайы автотехника сатып алынды. Зауытта жергілікті тұрғындар үшін 200 жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын Германиядан алынған заманауи вабдықтармен жарақтанған, барлық технологиялық желі компьютермен басқарылады.

Бүгінде елдің Индустрияландыру картасына Маңғыстау облысының 31 инвестициялық жобасы енгізілген, олардың жалпы сметалық құны 614 млрд. теңгені құрайды және оларда 30 мың жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр.

Биылғы жылы 10 жоба іске қосылды. Соның ішінде 9 желтоқсанда "Caspiy electronics" ЖШС-ның планшеттік компьютерлер, телевизорлар және мониторлар құрастыратын жаңа зауыты және ірі ұлттық жоба - "Өзен-Түрікменстан шекарасы" теміржол желісі жобасы іске қосылды.

Бұл нысандар on-line режімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана өткен 2011 жылдың екінші жартыжылдығындағы Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру бойынша жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны