15.12.2011, 13:51 5441

Ақтөбе хром қосындылары зауыты "Рационализатор.kz" байқауының жеңімпазы атанды

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен "Ұлттық инновациялық қор" АҚ бірігіп қолға алған "Рационализатор.kz" байқауына биыл еліміздің барлық облыстарынан 80-ге жуық жоба жолданған. Бұл өндірісті дамытуға ден қойған еліміз үшін үлкен әлеует. Сондықтан құнды идея үшін байқау жеңімпазына 2,5 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалған. Ал жалпы жүлде қоры 5 млн. теңге.

Астана. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе хром қосындылары зауыты "Рационализатор.kz" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен "Ұлттық инновациялық қор" АҚ бірігіп қолға алған "Рационализатор.kz" байқауына биыл еліміздің барлық облыстарынан 80-ге жуық жоба жолданған. Бұл өндірісті дамытуға ден қойған еліміз үшін үлкен әлеует. Сондықтан құнды идея үшін байқау жеңімпазына 2,5 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалған. Ал жалпы жүлде қоры 5 млн. теңге.

Байқау жеңімпаздарының бірі - Ақтөбе хром қосындылары зауытында былтыр 40-тан астам жұмысшыдан рационализаторлық ұсыныстар түскен және оларды жүзеге асырудың арқасында 10 млн. теңгеден астам қаражат үнемделген. Ал биылғы тың идеялардың экономикалық тиімділігі 26 млн теңгеден асып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны