19.06.2007, 12:13 2210

Ақтөбе облысы "30 корпоративтік көшбасшы" мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін 7 топжарғыш жоба ұсынды

АҚТӨБЕ. 19-маусым. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысы "30 корпоративтік көшбасшы" мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін 7 топжарғыш жоба ұсынды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, облыста индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында жалпы құны 8 млрд долларды құрайтын 120 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. "Соның ішінде 21 жоба өңір үшін топжарғыш сипатта. Бұл тізімнен "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасына 7 жоба ұсынылды",- деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Валентина Ускова. Оның айтуынша, жобаларды өңір басшысы селекторлық кеңесте жария еткен.

Ұсынылған жобалардың аясында В.Ускова "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы тарапынан Жанажолда үшінші газ өңдеу зауытын салу (жылына 6 млрд текше метр газ), "SBS Steel" компаниясы тарапынан Ақтөбеде металлопрокат шығаратын және тотықтырылған окатыштарды пайдалану арқылы темір концентратынан темірді тікелей бөліп алатын электрометаллургиялық (жылына 500 мың тонна) зауыт салу жобаларын атады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыста қуаты 360 МВт-тық газқұбырлы электр станциясы салынады. Ал 2006-жылы "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС жылына 2,5 млн тонна мыс кенін өндіріп өңдейтін және жылына 200 мың тонна мыс концентратын шығаратын тау-кен байыту комбинатын пайдалануға берді. Жобаны сатылы дамыту аясында Хромтау ауданында кен байыту комбинаты мен мыс балқыту зауытының құрылысы салынуда.

Төртінші жоба бойынша "Интергласс Қазақстан" компаниясы тарапынан қуаты 21,7 млн шаршы метрді құрайтын флоат- әйнек өндіретін зауыт салу көзделген. Бұған қоса Хромтау ауданында "Восход Ориел" компаниясы Восход кенішінде хром кенін өндіріп өңдейтін (қуаты жылына 1 млн тонна) кен байыту комбинатын, сондай-ақ, "ММЗ" компаниясы Мартүк ауданында темір жол вагондарын шығаратын зауыт салмақшы. Кәсіпорын вагондар, жартылай вагондар, думпкарлар мен цистерналар өндіреді.

Ал жетінші жоба ұзындығы 410 шақырымдық Самара-Шымкент жол бөлігін жөндеуге бағытталады. Ол өңірдің инфрақұрылымын дамытуға байланысты.

"Топжарғыш" 7 жобаға жұмсалатын жалпы инвестиция көлемі 3 млрд долларды құрайды. Жаңа өндірістерде жылына 440 млрд теңгені құрайтын өнім өндірілмекші. "Бұл 2010-жылы өндірілетін өнім мөлшерін 2006-жылғымен салыстырғанда екі есе арттыруға мүмкіндік береді",- деп хабарлайды облыстық әкімшілік. "Инфрақұрылымдық жобалардан өзге барлық жобалар бойынша мемлекет тарапынан қаржыландыру талап етілмейді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны