24.02.2014, 18:51 16405

Ақтөбе облысында ШОБ саласында 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді

2013 жылы 33 млн. теңгеге жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін 12 инновациялық грант бөлінді. Ал, 2014 жылы "БЖК-2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін аймақта 2,1 млрд. теңге қарастырылды.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. ШОБ саласында 120,2 мың актөбеліктер немесе облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 26,7% еңбек етуде.

Икімдіктен хабарлағандай, 2013 жылы ШОБ бойынша тіркелген субъектілерінің саны 57 мыңға жетті. Ал, шағын және орта бизнестің шығаратын өнімі 3,3%-ға өсіп, 431,4 млрд теңгені құрады.

Айта кетерлік жайт, ШОБ дамуының бір себебі мемлекеттік және қаржы институттарының қаржылай-несиелік қолдауы. Сонымен, 2013 жылы барлық қаржы көздерін қосқанда 48,5 млрд теңгеден астам сомаға қаржылай-несиелік қолдау көрсетілді.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде аймақтың кәсіпкерлері жаңғырту және жаңа өндіріс ашу, кәсіпорын сервисі мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту үшін 3 млрд теңге қаржылай көмек алды.

Бұдан басқа, 2013 жылы 33 млн. теңгеге жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін 12 инновациялық грант бөлінді.

Ал, 2014 жылы "БЖК-2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін аймақта 2,1 млрд. теңге қарастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны