08.09.2016, 22:25 3782

Ақтөбе облысында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 8 млрд теӊге бағытталды

Биыл автожолдарды қаржыландыру 2015 жылмен салыстырғанда 3 млрд 182 млн теӊгеге өсіп, 8 млрд 165 млн теӊгеден асты.

Ақтөбе. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында құрылыс-монтаж жұмыстарымен 169,9 шақырым республикалық және облыстық маӊыздағы автожол қамтылған.Бұл туралы өӊір басшысы Бердібек Сапарбаевтыӊ төрағалығымен өткен аппараттық кеӊесте мәлім болды.

Өӊірде 4 көпір, 1 су жіберу құбыры, мен 41 көшеніӊ құрылысы жүруде: Ақтөбеде - 33 көше, 8 - аудан орталықтарында. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, тек кейбір жобалар бойынша кестеден қалу жағдайы тіркеліп отыр, ол нысанды уақытылы тапсыруға әсер етпейді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Биыл автожолдарды қаржыландыру 2015 жылмен салыстырғанда 3 млрд 182 млн теӊгеге өсіп, 8 млрд 165 млн теӊгеден асты.

"Біз мәселеніӊ шешілуі үшін әрі қарай қаржы тартумен айналыса береміз. Елбасы көлік инфрақұрылымыныӊ дамуына аса назар аударады. Еӊ бастысы - жұмыстарды тұрақты түрде тексеріп, бақылау", - деді Б.Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны