01.09.2016, 12:45 3834

Ақтөбе облысыныӊ барлық аудан орталықтарына 2016 жылдыӊ соӊына дейін газ тартылады - әкімдік

Облыстық әкімдікте өӊір басшысы Бердібек Сапарбаевтыӊ төрағалығымен елді мекендерді газбен жабдықтау мәселесіне байланысты жиналыс өтті, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақтөбе. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Облыстық әкімдікте өӊір басшысы Бердібек Сапарбаевтыӊ төрағалығымен елді мекендерді газбен жабдықтау мәселесіне байланысты жиналыс өтті, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасыныӊ мәліметі бойынша қазіргі таӊда 695 мыӊға тарта тұрғыны бар 375 елді мекенніӊ 101-іне газ жүргізілген.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-мен жасалған меморандум аясында инвестициялық қаражат есебінен 5,7 млрд теӊгеге Ойыл ауданыныӊ Ойыл, Ийтеке би ауданыныӊ Комсомол, Қарғалы ауданыныӊ Қос естек ауылдарына апаратын және Ырғыз ауданыныӊ Ырғыз ауылыныӊ ішіне тартылатын ұзындығы 293 шақырымдық газ құбыры салынды. 2014 жылы бюджеттік қаражат есебінен тартылған Мәртөк ауданыныӊ Жайсаӊ ауылына апаратын газ құбырыныӊ құрылысы 2016 жылдыӊ шілде айында аяқталды.

Бұдан өзге, ағымдағы жылы Мәртөк ауданыныӊ Казанка, Қарғалы ауданыныӊ Жосалы, Кемпірсай, Шалқар ауданыныӊ Байқадам, Шетырғыз ауылдарын газдандыру жобасы басталды.

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ-мен жасалған меморандумға сәйкес құны 14,3 млрд. теӊге болатын 12 жоба жүзеге асырылды. Олардыӊ ішіне Ойыл ауданыныӊ Ойыл, Қарғалы ауданыныӊ Қосестек, Мұғалжар ауданыныӊ Талдысай, Еӊбек, Алтынды, Хромтау ауданыныӊ Аққұдық, Алға ауданыныӊ Үшқұдық ауылдарын 316,8 шақырымдық газ құбырымен жабдықтау, Ақтөбе қаласы мен Қандыағаш қалаларындағы АГТС құрылысы кіреді.

2016 жылдыӊ аяғына дейін 109 елді мекенніӊ 715 мыӊ тұрғыны газбен қамтамасыз етіліп, барлық 12 аудан газдандырылады деп күтілуде.

Бердібек Сапарбаев аудан орталықтарын газбен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары мен мемлекеттік органдар тарапынан тиісті бақылаудыӊ жоқтығына көӊілі толмайтынын жеткізді.

"Президент тапсырмасы бойынша өӊірде халықтыӊ жағдайын жақсарту шаралары, атап айтсақ, елді мекендерді газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қыруар қаржы бөлінуде. Бұған қоса, облыста 4 млрд. кубтан астам газ өндіріледі, өкінішке қарай барлық аудан орталықтары газбен қамтылмаған. Келісімшарттарға сәйкес газ Комсомол, Ойыл және Ырғыз ауылдарына өткен жылы жүргізілу керек болатын. Мердігерлер барлық жұмысты бірінші жарты жылдықта аяқтайтындарына уәде берген-тін. Алайда мойындарына алған міндеттерін орындамады. Бұл меніӊ ойымша, мемлекеттік органдардыӊ дұрыс бақылау жүргізбегендігінен және мердігерлердіӊ жауапсыздығыныӊ салдарынан орын алып отыр",-деп атап өтті облыс әкімі.

Атап айтсақ, "ОксидБилд" ЖШС мердігер мекемесі Ойыл ауданыныӊ Ойыл, Ырғыз ауданыныӊ Ырғыз ауылдарына тартылатын газ құбырын салу бойынша келісімшарттық міндеттерін орындамады. Аталмыш нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 2015 жылдыӊ желтоқсан айында біткен болатын, бірақ газ құбырлары әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ.

"Компанияӊыздыӊ жауапкершілігі қайда? Нысандарды келісімшартта көрсетілген мерзімде неге тапсырмағансыздар? Толықтай қаржыландырылу болды, ал елді мекендер әлі күнге дейін газдандырылмаған",-деді облыс әкімі барлық жұмыстардыӊ аяқталуы бойынша барлық шараларды қолданылуды тапсырды.

Облыстық прокуратура мен Мемлекеттік кірістер департаментініӊ экономикалық тергеу қызметіне "ОксиБилд" ЖШС-ніӊ мемлекеттік тапсырыс аясындағы келісімшарттық міндеттерін орындаудағы қызметін тексеру тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны