16.07.2012, 10:54 3834

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында "Ойсылқара" су қоймасы іске қосылды

Атап айтқанда, қала тұрғындарын таза ауыз сумен, кәсіпорындардың цехтарын техникалық сумен қамтамасыз ету мәселелері шешімін табады. Тазарту құрылғылардың кешенін салу ауыз судың жоғары стандарттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ақтөбе. 16-шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының Хромтау ауданында "Ойсылқара" су қоймасы іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен сенбіде, Металлургтер күні қарсаңында, Дөң тау-кен байыту комбинаты Ойсылқара өзенінде су қоймасын іске қосты. Бұл нысан комбинаттың және Хромтау сияқты шағын қаланың бірқатар мәселелерін шешеді.

Атап айтқанда, қала тұрғындарын таза ауыз сумен, кәсіпорындардың цехтарын техникалық сумен қамтамасыз ету мәселелері шешімін табады. Тазарту құрылғылардың кешенін салу ауыз судың жоғары стандарттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

"Салынған су қоймасы сыйымдылығы бойынша Ақтөбе облысында Қарғалы және Ақтөбеден кейінгі үшінші орында болады. Су қоймасының жобалық көлемі 22 млн. текше метрді құрайды",- деді "Қазхром" Трансұлттық компания" АҚ-ның президенті Виктор Тиль.

Дөң тау-кен байыту комбинатында қызмет ететін гидротехниканың жетекші инженері Асқар Елемесовтың сөзіне қарағанда, комбинат ауқымды және күрделі гидротехникалық құрылғыны алғаш рет салып отыр.

"Бөгет 12 қабаттан тұрады. Жұмыстың ауқымдылығына қарамастан ұжым алға қойылған міндетті орындап, өңір үшін маңызды мәселе шешілді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны