08.07.2018, 23:37 5012

Ақтөбеде Астананыӊ мерейтойына арнап балмұздақтыӊ жаӊа түрі шығарылды

Технологтардыӊ айтуынша, "Астана" балмұздағыныӊ құрамына карамель мен қытырлақ ирис кіреді. Балмұздақ ыдыстарға 500 грамнан өлшеніп салынған.

Ақтөбе. 8 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбеде елорданыӊ мерейтойына орай "Астана" деген атаумен жаӊа балмұздақ шығарылды. Эксклюзивті партияны "Айс плюс" ЖШС-ніӊ 6 шілдеде ашылған жаӊа цехы шығарды.

Технологтардыӊ айтуынша, "Астана" балмұздағыныӊ құрамына карамель мен қытырлақ ирис кіреді. Балмұздақ ыдыстарға 500 грамнан өлшеніп салынған.

Цехтыӊ іске қосылу салтанатына келгендердіӊ барлығы да жаӊа тәттіден ауыз тиді. Оныӊ дәмін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та татып көрді.

Өндірістік процесстермен танысып, цехтыӊ жұмысшыларымен және басшылығымен әӊгімелескен өӊір басшысы оларды Астана күнімен құттықтап, экономиканы дамытуға үлес қосқандары үшін алғысын білдірді.

- Мемлекет басшысы әлемніӊ дамыған отыз елініӊ қатарына кіру міндетін қойды. Қазақстанныӊ экономикалық өсімі осы мақсатқа жету үшін қажетті платформаны қамтамасыз етті. Ирбір қазақстандық Отаныныӊ әрі қарай дамуына тынбай өз күшін салу керек, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Италияндық өндіріс желісін іске қосу тәулігіне 20 тонна тәтті шығаруға мүмкіндік береді. Балмұздақ сұрыптамасында қырық атау ұсынылған. "Айс плюс" бұдан бұрын балмұздақтыӊ тоғыз түрін шығарды. Енді пісте қосылған, шоколадты, кілегейлі, йогурттан, шербет жасалған балмұздақтардан әркім өзіне ұнайтын дәмді таба алады. Жоба құны - 1,1 млрд. теӊге, оныӊ ішіндегі 935 млн. теӊге "Даму өрісі" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген. Елу жаӊа жұмыс орны құрылды.

Қоса кетейік, Ақтөбе облысында Астананыӊ мерейтойына орай отыздан аса әлеуметтік, өндірістік және сауда нысандары пайдалануға берілмек. Олардыӊ құрылысына кеткен инвестиция көлемі 10 млрд теӊгеден асты.

Астана күні облыс бойынша кеӊ көлемде мәдени бағдарлама өтіп жатыр. Соныӊ ішінде, сағат 21.00-де облыс орталығындағы Тұӊғыш Президент атындағы саябақта "Астана - махаббатым меніӊ" атты мюзикл өтті. Жалпы, 430 мыӊдай адамды қамтыған 1200-ден аса қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық және спорттық шаралар өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны