13.06.2008, 19:21 2946

Ақтөбеде осы жазда жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі 2,5 есе өседі

Ақтөбеде осы жазда жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі 2,5 есе өседі

Ақтөбе. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде осы жазда өткен жылмен салыстырғанда жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі 2,5 есе өседі, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Трансэнерго" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз 2007 жылғы жазда 3,8 шақырым магистральдық желілерге жөндеу жұмыстарын жүргізсек, биылғы жызда 9,1 шақырымнан астам жылу трассасын жөндеуді жоспарлап отырмыз", - деді "Трансэнерго" АҚ баспасөз хатшысы Гаухар Байжанова.

Бұл мақсатқа ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорынға облыстық бюджеттен 270 млн жуық теңге бөлінген.

Сонымен бірге, 22 қазандық, 79 топтық элеватор торабы мен 8 насостық станцияны техникалық жөндеу жоспарланған, сонымен бірге қыс-күз маусымына дайындалу жұмыстарын да 1-қыркүйекке дейін бітіру керек, деп хабарлайды АҚ.

Жалпы алғанда "Трансэнерго" АҚ қызметін 70 мыңнан астам жеке тұлға, 1,7 мыңнан астам заңды тұлға мен 2113 тұрғын үй тұтынады. Кәсіпорынның балансындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны